AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий жақын ар...

Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий жақын арада жұмысын бастайды

Барлығы 10.01.2026, 16:38 599 Сұлу
Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий жақын арада жұмысын бастайды
 er-ai-construction.kz

Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий жақын арада жұмысын бастайды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, 9 қаңтарда Әділет министрлігінде Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы тіркелген. Құжатта жерлеу және қабірлерді күтіп-ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларына өзгерістер енгізу көзделген.

Қабылданған түзетулер крематорийлердің қызметіне құқықтық негіз қалыптастырып, Қазақстан аумағында кремация рәсімін алғаш рет заңнамалық деңгейде жүргізуге мүмкіндік береді.

"Бұйрық күшіне енгеннен кейін Алматыдағы крематорий жұмысын бастап, санитарлық және құқықтық талаптарды сақтай отырып, белгіленген тәртіппен қызмет көрсетеді", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, қазір Алматы қалалық патологоанатомиялық бюросының байқау кеңесі арқылы кремация қызметтерінің бағалар тізбесін бекіту рәсімі жалғасып жатыр.

Тарифтер мен қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Алматы қалалық патологоанатомиялық бюросының ресми сайтында жарияланатын болады.

Еске салайық, 2025 жылғы қыркүйекте Алматының коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы алдағы алты-жеті жылда қаладағы зираттарда марқұмдарды жерлеуге орын қалмайтынын мәлімдеген еді. Олардың дерегінше, 2025 жылғы жағдай бойынша Алматыда 70 зират бар, соның 61-і жабылған. Жаңа зираттарға арналған жер телімдері бекітіліп жатыр, алайда олар Алматы облысының аумағында орналасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #крематорий
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан және Кипр президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 12:41

Тәуелсіздік сарайында Кипр Республикасының Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті

Бүгін 12:11

Ұлытауда этномәдени фестиваль өтеді

Бүгін 11:47

LOT Polish Airlines Алматы туралы арнайы борттық журнал шығарды

Бүгін 11:37

Әр екінші талап арыз талапкердің пайдасына шешілді: Алматыда әкімшілік әділеттің бес жылдық қорытындысын жариялады

Бүгін 11:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);