Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Күніне 30 мың туристке дейін: Алматының тау класте...

Күніне 30 мың туристке дейін: Алматының тау кластері туристер санын арттырмақ

Барлығы 10.01.2026, 15:06 266
Күніне 30 мың туристке дейін: Алматының тау кластері туристер санын арттырмақ
Алматы әкімдігі

Алматының тау кластерін дамыту аясында таулы аймақтардың адам қабылдау мүмкіндігі бес есеге арттырып, тәулігіне 30 мың адамға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматы қаласының Туризм басқармасының өкілдері айтты.

Жоба туристер санын біркелкі реттеуге, табиғи экожүйеге түсетін салмақты азайтуға және тау бағыттарындағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін заманауи, басқарылатын инфрақұрылым құруды мақсат етеді.

Алматы қаласы Туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітованың айтуынша, таудың жақындығы қаланың басты бәсекелестік артықшылығы.

"Алматы таулы аумақ қала орталығынан небәрі 20-30 минуттық жерде орналасқан әлемдегі санаулы мегаполистердің бірі. Бұл жетекші тау туристік бағыттарын қалыптастыруға, туризмді тұрақтылық пен табиғатқа жанашырлықпен қарау қағидаттарына сүйене отырып дамытуға зор мүмкіндік береді", – деді Ғалия Тоқсейітова.

Туризм басқармасында бүгінде туристік сала жаһандық жалпы ішкі өнімнің 10 пайызына дейін үлес қосатыны, ал инфрақұрылымға салынған әрбір доллар 15 долларға дейінгі жиынтық экономикалық тиімділік әкелетіні айтылды. Тау шаңғысы туризмімен айналысатын бір туристің орташа тәуліктік шығыны шамамен 350 доллар. Бұл тау туризмін дамыту Алматы үшін экономикалық тұрғыдан аса маңызды бағыт екенін көрсетеді.

Сонымен қатар, туристер санының өсуі таулы аумақтарға айтарлықтай жүктеме түсіріп отырғаны да айтылды. 2018 жылдан бері Іле-Алатау ұлттық саябағына келушілер саны 4,5 есеге артса, "Шымбұлақ" тау курортына келушілер саны 2,5 есеге өсіп, жылына 1,5 миллион адамға жеткен.

Алматы тау кластерін дамыту мен "Шымбұлақ" курортын жаңғырту бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тарапынан еліміздің туристік саласын дамытудың басым бағыттарының бірі ретінде айқындалған болатын.

Алматы тау кластері жыл бойы жұмыс істейтін көп маусымды туристік өнім ретінде дамып отыр: қыста – тау-шаңғы туризмі, жазда – хайкинг, экологиялық соқпақтар мен велосипед бағыттары. Аумақтың едәуір бөлігі кез келген жан үшін қолжетімді күйінде қалады. Барлық жобалық шешім экологиялық талаптарды сақтай отырып және қоғамдық талқылау арқылы жүзеге асырылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Туризм басқармасы #тау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Темірге жан, ал жастарға үн бітті: Алматыда «Jas Stars» қалай өтті?

Кеше 22:45

ӘЛЕМДІК АРЕНАДАҒЫ ЖЕҢІС: ҰЛАНДЫҚ ЖАУЫНГЕРЛЕР ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Кеше 21:47

Алматыда Робо-DJ мен Робо-бишілердің қатысуымен референдумды қолдауға бағытталған ауқымды концерт өтті

Кеше 21:40

Солтанай Жәнібек: «15 наурыздағы референдум – азаматтық ұстанымым»

Кеше 21:34

Шахислам Лайсханов: Ғылым мен бейбітшілік – қоғамның басты құндылығы

Кеше 21:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі