ffin.kz

«Дәстүр – халық рухы, дала қазынасы» көрмесі ашылды

«Дәстүр – халық рухы, дала қазынасы» көрмесі ашылды almaty-akshamy.kz

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде, биыл 120 жылдығы аталып өтіп жатқан Халық суретшісі Әбілхан Қастеев атындағы, «Дәстүр – халық рухы. Дала қазынасы» көрмесі ашылды. Экспозиция музей қорынан еліміздің дәстүрлі және қазіргі заманның сәндік-қолданбалы өнерінің 60-тан астам туындысын ұсынады.

Бұл көрме еліміздің бай мәдени мұрасымен танысуға мүмкіндік береді және қазақтың халық қолөнершілері мен әр ұрпаққа жататын сәндік-қолданбалы өнердегі кәсіби суретшілердің жұмыстарымен таныстырады. Оған музей қорындағы сирек экспонаттар кіреді. Көпшілігі алғаш рет қойылып отыр. Олардың ішінде киіз, тоқылған және кестеленген кілемдер, гобелендер, ат-әбзелдері, ағаш, тері, металдан жасалған туындылар бар.

Тоқылған кілем – Шығыстың көшпелі және жартылай көшпелі халықтарының материалдық мәдениетінің ең жоғары жетістігі. Оның ою-өрнегінде ежелгі мифтердің жаңғырығы, адамдардың сиқырлы және діни бейнелері, ғасырлар бойы жинақталған қоршаған әлем туралы бейнелеу әсерлерінің орасан зор қоры сақталған.

Киіз кілемдері монументалды және көркем түсті. Олар киіз басу арқылы жасалған. Киіз кілемдердің тағы бір түрі – сырмақтарда мозаика мен кірістірулер, түрлі-түсті бау мен мата бар аппликация қолданылған. Киізден жасалған бұйымдардың ою-өрнегі мүйізді ою-өрнектің әр түрлі нұсқаларынан тұрады, оларда байлықтың, береке мен асқақтық символы – қошқар мүйіз өрнегі басым.

Көшпелілер мәдениетінің маңызды атрибуттары ат-әбзелдері екенін білеміз. Ертеде ата-бабаларамыз жабайы дала жылқысын қолға үйретіп, атқа мінуді меңгерген. Қазақ халқы үшін күміспен, алтын жалатылған, жартылай асыл тастармен әшекейленген ат-әбзелдер иесінің абыройын, әлеуметтік жағдайын білдіретін болған.

Қазіргі сәндік-қолданбалы өнердің ең кең таралған және басым түрлерінің бірі – гобелен. Көрмеде оған арналған жеке экспозиция бар. Еліміздегі гобеленнің тарихы 1937 жылы, «Кілемші» артелінің жанынан ашылып, 11 жыл жұмыс істеген гобелен шеберханасынан бастау алады. Қазақстандық гобелен мектебінің келесі даму кезеңі 1970 жылдардың бірінші жартысына жатады және тоқыма бойынша арнайы білім алған суретшілердің шығармашылығымен байланысты. Осы кезеңде гобеленнің дамуына кескіндеме айтарлықтай әсер етті. Гобеленде күрделі кеңістік және колористикалық міндеттер шешіледі, көпфигуралық, тақырыптық, ал кейінірек абстрактілік композициялар жасалады.

Экспозицияда тағы бір тұтас бөлімі қабырғаға кестеленген түскиіздерге арналған. Киіз үйдің сәндік безендірілуінде олар төрден құрметті орнын алып, отбасылық бақыт пен амандықты бейнелейді. Түскиіздермен қатар, суретші Зейнелхан Мұхамеджанның халық кестесі мен станоктық композиция дәстүрлерін шебер үйлестіретін авторлық панносы ұсынылған.

– Ұсынылған экспонаттар қазақ қолөнершілерінің шеберлігінің жоғары деңгейін көрсетіп қана қоймай, ұрпақтан ұрпаққа берілетін сан ғасырлық дәстүрлердің символы болып табылады. Бұл қазіргі заманғы мәдениет тұрғысынан халық өнерін сақтау мен зерделеудің маңыздылығын көрсетеді, – дейді музейдің "Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнері" бөлімі басшысы Наталия Баженова.

Көрме қазақ халқының бай мәдени мұрасын жаңаша қырынан таныстыруға мүмкіндік береді және халық өнерін болашақ ұрпаққа жеткізудің маңызды құралы болып табылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32

12:13

11:56

11:52

11:40

11:29

11:11

11:05

10:49

10:47

10:36

10:16

10:08

09:54

09:17

09:03

08:49

08:05