Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Бүгін жұмыс орнында ұйықтауға болады

Бүгін жұмыс орнында ұйықтауға болады

Керек кеңес 28.02.2024, 05:19 1,359
Бүгін жұмыс орнында ұйықтауға болады
Сурет: Fishki.net

Біз сөз еткелі отырған бүгінгі қоғамдық ұйықтау күні туралы көпшілік біле қоймас.  Өйткені бұл адамның ерекше жағдайда ұйықтауға бейімділігімен байланысты. Бұл мереке қоғамдық ұйқы күні немесе қоғамдық ұйықтау күні деп аталады (Қоғамдық ұйықтау күні). Ол жыл сайын 28 ақпанда атап өтіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Адамның өмірінде ұйқының қандай маңызды рөл атқаратыны бесенеден белгілі. Соны біле тұра, дененің тынығып, демалуына  деген табиғи қажеттілігін саналы түрде елемеу қабілеті адам ғана тән болар. Уақтылы ұйықтау мен ерте тұру жайлы бүгінгі күні ғалымдар мен сомнологтар, салауатты өмір салтын ұстанып, сапалы өмір сүруді қолға алған біраз адамдар тарапынан айтылу кенде болып жатқан жоқ.


Қай елде болмасын ұйқыға қатысты айтылған мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер аз емес. Қазақ та ұйқыға келгенде оның аз сөзбен көп мағынаға сыйғызған астары терең мәтелдер мен мақалдар жетіп артылады. Солардың бір парасын еске түсіріп қояйық:


«Ұйықтағанды күлкі алар, ұйықтамаған түлкі алар», «Тоқ адамды ұйқы басады, аш адамнан ұйқы қашады», «Ұйқы – тынықтырады, жұмыс - шынықтырады», «Жалқаудың жаны - ұйқыда», «Ұйқы өліммен тең», «Еріншек түске дейін ұйықтайды, кешке дейін есінейді», «Жаман әйел көп ұйықтар».


Бұл ұйқы үш арсыздың қатаратында бар, онымен қоса, ұйқы – жалқаулардың «ағасы» десек те болады, ал одан бас алмай, көзі ашылмайтында оны «тәттіге» балап жатады. Бұл тақырыпты бекерге қозғап отырған жоқпыз. Себебі, бүгін, ақпанның 28-і – дүниежүзілік ұйқы күні, нақтырақ айтқанда, қоғамдық ұйқы күні деген жөн болар.


Ұйқының пайдасы мен зияны, сондай-ақ ұйқының қанбауынан болатын зияны жайлы көп айтылады. Тіпті адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналған ұйқының өзіне арналған халықаралық мереке бар – ол күн мен күннің теңелер шағы, наурыз айында аталып өтеді.


Бұл күн жұмыс орнында немесе жиналыста отырып ұйықтайтындарға арналған десе болады және оның жапондық «инэмури» дәстүрімен ұқсастығы бар. Бұны жапон тілінен сөзбе-сөз  аударғанда «жұмыста болу және ұйықтау» дегенді білдіреді. Дәстүрлі жапон мәдениетінің көптеген ерекшеліктері бар, бірақ инэмуридің мәні үйден тыс жерде қалғып отырған немесе ұйықтап жатқан адамның көп жұмыс атқарып,  шаршайтындығының белгісі екен. Бұл оларда (жапондарда) еңбекқорлықтың өзіндік көрсеткіші болып саналады.


Сондықтан күншығыс елінде ұйықтау практикасы қызмет бабындағы сыйлатық принциптеріне бағынатын және әлеуметтік мәртебеге байланысты жұмыс орындарында ғана емес, қоғамдық орындарда да кең таралған. Жапондықтардың бұл әдеті шын мәнінде олардың үйлерінде ұйқылары қанбай, адамдардың күш-қуатын қалпына келтіре алмауына байланысты пайда болған.


Уақыт өте  келе кеңінен танылып келе  жатқан және халықаралық сипатқа ие жаңа мереке, ең алдымен, адамның өміріндегі ұйқының маңыздылығына қоғамның назарын аударуға бағытталған. Ол үйден тыс орындарда ұйықтау үрдісінің таралуы қоғамға немесе жеке әлеуметтік топтарға психоэмоционалды және физикалық күш түсу деңгейінің айқын көрсеткіші екеніне назар аударады.


Осы ерекше мерекеге орайластырылған іс-шараларды ұйымдастырушылар оны атап өтудің ең оңай әдісін ұсынады, ол -  қоғамдық жерде немесе табиғат аясында ұйықтау, аз уақыт көз іліндірсе де, осылайша  ағзаның қалпына келуіне мүмкіндік болатын көрінеді.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жұмыс орны #ұйқы #Қоғамдық орын #атаулы күн
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика