AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Биыл бастауыштан басқа оқушылардың бәрі қазақ тілі...

Биыл бастауыштан басқа оқушылардың бәрі қазақ тілінен емтихан тапсырады

Білім және ғылым 17.04.2024, 04:05 1,177
Биыл бастауыштан басқа оқушылардың бәрі қазақ тілінен емтихан тапсырады
Сурет: Qyzyljarnews.kz

Бұған дейін бұл сынақтан тек 9-11-ші сынып оқушылары ғана өтетін.


Енді олардың қатарына орта буынның бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші сыныптары мен жоғары буынның оныншы сыныбы қосылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.


Сөйтіп, бастауыштан өзге оқушылар қазақ тілін қаншалықты білетінін іс жүзінде көрсетуге тиіс.



«Оқушылардың  тілді меңгеру деңгейін бағалау ғана емес, оқушыларымыздың оқу сауаттылығын дамыту және тілді үйренуге ынталандыру. Емтиханның қорытындысы әсер етеді . Қорытынды бағаларына әсер етеді. Мысалға 5 ке оқып келе жатқан «Алтын белгіге» үміткерлер осы аралық емтиханнан 4 деген баға алып қалса ол алтын белгіге үміткер бола алмайды», - дейді орта білім комитетінің бас сарапшысы  Гүлсыйла Мұздыбекова.



Емтихан уақытын мектеп әкімшілігі белгілейді. Ол ауызша және жазбаша өтіп, оқушының қазақ тілінде оқу, жазу, тыңдау мен сөйлеу дағдыларын анықтайды. Емтихан тапсырмаларын сыныптың оқу бағдарламасын негізге ала отырып мұғалімдер дайындайды.



«1 сәуірден бастап осы тоқсан басталғалы бері  дайындық сабақтарының кестесін бекітіп, дайындық жұмыстарын бастап кеттік.  Жүргізіліп жатыр. Біздің мектепте 1700 баланың 730 баласы осы аралық аттестаттау емтихандарына қатысатын болады. Баланың жас ерекшелігіне қарай отырып,  мұғалімдер тапсырманы дайындап, білім басқармасымен қаралып дайындалып, біз бекітуге ұсындық тапсырманы, 4 нұсқадан болады», - дейді №8 мектеп-лицейі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ақмарал Әлімқұлова.



Емтиханды қазақ тілінде оқытатын мектеп тек «қазақ тілі бойынша тапсырса, ал қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектептер «қазақ тілі және әдебиеті» бойынша тапсырады. Ал сынақтан сүрінген оқушыға екінші мүмкіндік беріледі.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#қазақ тілі #емтихан #оқушылар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз – бірлік пен алғыс мерекесі: Алматыда ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Бүгін 20:32

Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты

Бүгін 20:28

21 наурызда Түркі әлемі халықтарының көрме-жәрмеңкесі ашылады

Бүгін 20:23

Абай университеті Ұлыс күнін тойлады

Бүгін 18:53

Алматыда «Ауыл» партиясы Наурызға орай ерекше акция ұйымдастырды

Бүгін 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика