AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Беймәлім Алматы: Шаһардағы "апокалипсистей" әсер б...

Беймәлім Алматы: Шаһардағы "апокалипсистей" әсер беретін құпия мекен

Барлығы 21.07.2025, 10:45 716 Дина
Беймәлім Алматы: Шаһардағы "апокалипсистей" әсер беретін құпия мекен
сурет: Нұрбол Ынтымақұлы/aqshamnews.kz

Алматы - таңғажайыбы да, тылсымы да көп шаһар. Адам аяғы баспаған, құпия қылып тастаған, ешкім көрмеген, білмеген мекендері қаншама?! Солардың бірін желі қолданушылары бөлісті. Жұрттың жанарын жаулаған аймақ "Чапай" бекеті деп аталады. Мұнде не қызық бар? Аqshamnews.kz ерекше кадрлар түсіріп, аралап қайтты. Ендеше бірге шолып өтейік. 

Алматыдағы "апокалипсис"

"Чапай" бөгеті - Алматыдағы су бөгеттерінің бірі. Шамамен Кеңес одағы уақытында салынған. Жасыратыны жоқ бөгет туралы ақпарат көп жерде жоқ. Бірақ жергілікті тұрғындардан оның қазір қолданыссыз тұрғанын сұрап білдік. 

Қарғалы асуынан бастау алатын бұл бөгет "Қарғалы" өзенінің үстіне салынған. Биіктігі - шамамен 40-50 метр. Жан-жағын ағаш жайлап, өсімдіктер қаптап өсіп кеткен. 

сурет: Нұрбол Ынтымақұлы/aqshamnews.kz

Расымен, бір қарағанда "апокалипсиске" тап болғандай күйге енесің. Уақыт тоқтап, әлем дамуын шегергендей сезім туады. 

сурет: Нұрбол Ынтымақұлы/aqshamnews.kz

Алматының оңтүстігінде орналасқан бұл локацияға жету аса бір қиындық тудырмады. Картаға "Чапай" бөгеті деп жазсаңыз жеткілікті. Көлікпен де, автобуспен де, уақытыңыз болып жатса жаяу серуендеп жетсеңіз болады. 

сурет: Нұрбол Ынтымақұлы/aqshamnews.kz

Қорған қоятындай "Қарғалы" қауіпті ме?

Жоғарыда айтқанымыздай, бөгет Қарғалы өзенінің үстіне салынған. Аса бір еңіс те емес, тік орналасқан аймақ. 

Қарғалы өзенінің жалпы ұзындығы - 57 шақырым. Ал су жиналатын алабы - 98 шаршы шақырым. Өзен бастауын Іле Алатауындағы Алматы шыңының солтүстік беткейінен алып, мұздықтардан басталады. Өзінің басты ағысы Қараой ауылынан төменде Қаскелең өзеніне оң жағынан құяды. Қарғалы өзенінің ұзындығы 27 шақырым болатын 15 шағын саласы бар.

сурет: Нұрбол Ынтымақұлы/aqshamnews.kz

Гидрологиялық сипаттамасына тоқталсақ, өзен арнасының ені 5-10 метр, тереңдігі 0,3-0,5 метр, ал су тасу кезінде тереңдігі 1 метрге дейін жетеді. Көп жылдық орташа су ағымы Чапаев ауылы тұсында 0,65 м³/с-ке тең. 

сурет: Нұрбол Ынтымақұлы/aqshamnews.kz

Өзені жоғары ағысында тау шатқалымен ағып, Жаңатұрмыс ауылынан кейін арнасы кеңейіп, жағалауы жарлауытты болып келеді. Көкөзек ауылынан басталып, жағалауы жазыққа айналып, дала өзеніне ұласады. Өзен бойында көптеген елді мекен орналасқан, ал оның алабы толығымен дерлік игерілген.

Өзеннің айналасында көркіне көзің тоймас гүл де, қарасаң қынжылатын қоқыс та бар. Жергілікті тұрғындар демалуға келіп, ішкен-жегенін шашып кететін көрінеді. Мынадай қоқыс қалдықтарын көзіміз шалып қалды. 

сурет: Нұрбол Ынтымақұлы/aqshamnews.kz

Қандай өзгеріс күтіп тұр?

2024 жылы Алматының Наурызбай ауданында Қарғалы өзенінің жағалауын көркейту жұмыстары аяқталды. Жоба аясында 3,5 км ұзындықта жаяу жүргіншілер аймағы, балалар мен спорт алаңдары, автосуару жүйесі, көше жарығы және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. 

Сонымен қатар, маусымда Қарғалы өзені арнасын қайта жаңарту басталды. Жоба аясында 2026 жылға дейін өзен арнасының бетон қабырғалары жаңартылып, 10 жаяу жүргінші көпірі салынады.

Бөгет маңында түрлі жеміс ағаштары да гүлдеп тұр. Өрік, алма, долана ағаштары жемісін ұсынып тұр.

сурет: Нұрбол Ынтымақұлы/aqshamnews.kz

Ал бөгеттің үстінен қала, тау көрінісі ерекше ашылады. Ал оның әдемілігін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Жиектерінде жеке тұрғын үйлер де бой көтерген.

Бөгеттен ары ассаң, белсенді демалып жатқан жандарды да байқауға болады. 

сурет: Нұрбол Ынтымақұлы/aqshamnews.kz

Телеграм арнаға жазылыңыз
#фоторепортаж #Алматы #ғимарат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);