AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында дүке...

Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында дүкендердегі бағаларға мониторинг жүргізіледі

Әлеумет 03.05.2022, 08:54 1,030
Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында дүкендердегі бағаларға мониторинг жүргізіледі
Сурет: Shymkenttv.kz

Бұл туралы Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Е.Оразалин айтты. 


Нан бағасын ұстап тұру мақсатында «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰҚ» АҚ қорынан қаланың ұн тарту кәсіпорындарына субсидияланған астықты жеткізу жалғасуда. Әлеуметтік нанның сату бағасын белгілеу үшін, «Алматыдән» ЖШС-не 150 млн теңге мөлшерінде айналым заемын бөлу жоспарлануда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 



"Жалпы, ӘМАТ бағасының өсуін тұрақтандыру үшін «Тоймарт» (515,5 млн теңге) және «Магнум» (5,8 млрд теңге) сауда желілерімен қарыз алу шарттары ұзартылды. Қосымша, 2 млрд.теңге ӘМАТ-ты белгіленген бағамен сату үшін «Small» желісінде, сондай-ақ жұмыртқаны төмендетілген бағамен сату үшін «Когер» ЖШС-не 1 млрд теңге салынатын болады",- дейді Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Е.Оразалин.



Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында В, С класты дүкендеріндегі бағаларға мониторинг жүргізіледі және ірі дистрибьютерлер мен өндірушілерден тікелей көтерме бағалар бойынша бакалея өнімдерін тікелей жеткізу ұйымдастырылған. Сонымен, «үй жанындағы» 1 мыңнан астам дүкен жеткізіліммен қамтылған, онда 8 ӘМАТ атауы бойынша (жұмыртқа, қант, күріш, ұн, күнбағыс майы, қарақұмық, рожки, тұз) шамамен 1,5 мың тонна өнім тиелген.


Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін «Алматы қаласы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментімен» бірлесіп ӘМАТ-қа сауда үстемесінің 15% сақталуын бақылау бойынша жұмыс жүргізілуде.


Жалпы, жыл басынан бері Алматыда ӘМАТ баға индексі орташа республикалық деңгейде (Алматы – 114,2%, ҚР – 114,1%). Қорытындылай келе, Алматыда бағаны ұстап тұру үшін кешенді жұмыс жүргізіліп, барлық қажетті шаралар қабылданғанын атап өткім келеді.


 


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ӘМАТ #баға #тұрақтандыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);