Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / АҚШ–Жапония: әскери байланысы нығайып келеді 

АҚШ–Жапония: әскери байланысы нығайып келеді 

Саясат 15.08.2023, 06:40 1,262
АҚШ–Жапония: әскери байланысы нығайып келеді 
Сурет: ашық дереккөз

Соңғы күндері батыс және жапон басылымдары АҚШ пен Жапония арасындағы әскери ынтымақтастық жайлы жаза бастады. Оған осы аптада өтуі тиіс АҚШ президенті Джо Байден мен Жапония премьер-министрі Фумио Кисидо арасындағы кесдесу себеп болып отыр. Жоғары деңгейдегі шара АҚШ, Жапония және Оңтүстік Корея басшылары арасындағы саммит аясында өтеді. Кездесу Американың Мэриленд штатындағы президенттің резиденциясында өтеді деп күтілуде. Мұнда екі ел арасында гипердыбыстық зымырандарды әуеде залалсыздандыратын әскери қорғаныс жүйесін құру туралы келісім-шартқа қол қойылады.


 Токио қорғанысын күшейтуге мәжбүр


Өткен жылы 16 желтоқсанда Токио жаңа ұлттық қауіпсіздік стратегиясын қабылдады. Стратегия орташа уақытқа арналып, 2027 жылға дейін заңды күшке ие. Оның негізінде үш құжат жаңарды. Оларға Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы, Ұлттық қорғаныс стратегиясы мен Қорғаныс құрылысы жоспары жатады. Басты стратегия ретінде жауап қайтару таңдалды. Бұл бірінші болып қару қолданбаймыз дегенге саяды. Тек қорғану үшін әскери әлеуетімізді күшейтеміз дейді Жапон билігі.


Кез келген бағдарлама, не стратегия жүзеге асуы үшін қаражат қажет. Токио бұл жағын да ойластырыпты. 2027 жылға дейін елдің қорғаныс саласына 43 трлн йен қаражат бөлінеді. Бұл шамамен,  320 млрд АҚШ доллары. Бұл Жапонияның қорғаныс саясатын түбегейлі өзгертеді дегені. Себебі,  осы уақытқа дейін елдің жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) тек 1%-ы  ғана қорғаныс саласына бөленетін. Мұндай саясат 1976 жылда қабылданған «Ұлттық қорғаныс бағдарламасы» атты құжатта бекітілді. Бұл шектеудің өзінде Жапония қорғаныс саласына бөлінетін қаражат жағынан көш соңында емес еді. SIPRI рейтингісінде Жапония бөлінетін қаражат бойынша алдыңғы қатарлы ел болып саналады. Мысалы, 2021 жылы 46 млрд АҚШ долларымен 9-орында болса, 2022 жылы 10-орынды иеленді.


Ал енді жаңа қорғаныс стратегиясы қабылданған соң 2027 жылға қарай ЖІӨ-нің 2% қорғаныс саласына бөлінеді. Сонда жылына 64 млрд АҚШ доллары шамасында қаражат бөлінеді. Мұндай әрекетке баруға Токио мәжбүр болып отыр. Себебі,  геосаяси жағдай шиеленісті. Еуропа құрлығы тағы да саяси тұрақсыз. Ресей мен Украина арасындағы әскери-саяси шиеленіс әлемдегі жағдайды өзгертті. Бұл жағдай барлық салаға әсер етіп отыр.


Стратегияны жүзеге асыруда Жапония АҚШ-қа арқа сүйейді. Жоғарғы деңгейдегі алғашқы кездесу биыл қаңтарда өтіп еді. Енді міне, тамыз айында келесі кездесу өтпек. АҚШ, Жапония және Оңтүстік Корея елдері арасындағы үшжақты саммит болады. Сонда гипердыбыстық зымырандарды әуеде залалсыздандыратын әскери қорғаныс жүйесін құру туралы келісімге келеді деп күтілуде. Басты мақсат –  Ресей, Қытай мен Солтүстік Кореяның зымырандарынан қорғану жүйесін құру.


 Милитаризация әлемдік тенденция


Былтыр әлемдегі геосаяси жағдай шиеленісті. Бейбітшілікті зерттейтін Стокгольм халықаралық институтының (SIPRI) өткен жылғы сараптамасы бойынша, әлемде әскери шығын көлемі күрт артқан. Әлем елдері өткен жылы 2,24 трлн АҚШ долларын әскери салаға жұмсаған. Салыстырар болсақ,  бұл әлемде мықты экономика саналатын Оңтүстік Корея елінің ЖІӨ-нен көп. Өткен жылы бұл елдің ЖІӨ 1,9 трлн АҚШ доллары болған.


Рейтингті әдеттегідей АҚШ бастап келеді. Өткен жылы алпауыт мемлекет 877 млрд АҚШ долларын әскери салаға жұмсаған. Бұл ЖІӨ-нің 3,5% құрайды. Одан кейінгі орында Қытай Халық Республикасы. Былтыр әскери бюджеті 292 млрд АҚШ долларын құраған. Үштікті Ресей аяқтап отыр. Солтүстік көршіміз 2021 жылмен салыстырғанда әскери бюджетін ұлғайтқан. Себебі,  ол жылы рейтингте 5-орында еді. Елдің әскерге бөлген қаражаты 86,4 млрд болды.


 






























































2021



2022



Мемлекет



2022 (млрд АҚШ доллары)



2022


ЖІӨ-ның қанша %



2022


Бүкіл әлем бойынша үлес (%)



1



1



АҚШ



877



3,5



39



2



2



Қытай



292



1,6



13



5



3



Ресей



86,4



4,1



3,9



3



4



Үндістан



81,4



2,4



3,6



8



5



Сауд Арабиясы



75



7,4



3,3



9



10



Жапония



46



1,1



2,1



 


Жалпы,  халықаралық зерттеу институтының сараптамасы бойынша Орталық және Батыс Еуропаның әскери бюджеті суық соғыстағы деңгейге жеткен. Әсіресе,  әскери бюджет Финляндия, Литва, Швеция және Польшада өскен. Мысалы, Финляндияда 2021 жылмен салыстырғанда,  өсім 36%-ды  құраған.


Негізі,  әлемде әскери бюджеттің өсімі 2014 жылдан бері байқалады. Мысалы,  Қытайдың өткен жылғы әскери шығыны 2013 жылмен салыстырғанда,  63%-ға көп. Ал ЕО 30%-ға әскери шығынды өсірген.


 АҚШ пен Қытай арасы шиеленісуі мүмкін


 Жапонияның әскери әлеуетін арттыру әрекеттерінің басты себебі, Еуропадағы шиеленіс болса да, бұл АҚШ пен Қытай қарым-қатынасына сызат түсіруі мүмкін. Бұл Азия-Тынық мұхит аймағында да геосаяси жағдай нашарлайды деген сөз. Себебі,  Жапония әуе қорғанысын Қытай зымырандарынан қорғану үшін де күшейтіп отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әскер #Ынтымақтастық #нығайып келеді
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Нөсерден кейін Алматы коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеді

Бүгін 09:30

Қазақстандағы негізгі ҰБТ кезеңі қашан басталады?

Бүгін 09:22

Қазақстандағы ең бай әйел...

Бүгін 09:00

Бүгін бірнеше өңірде ауа райы қолайсыз

Бүгін 08:45

Алматыда Мәдина Ералиеваны еске алуға арналған «Сағындырған әндер-ай» концерті өтеді

Бүгін 08:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика