AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматының қоғамдық орындарында алғаш рет 24 автоно...

Алматының қоғамдық орындарында алғаш рет 24 автономды кітапхана орнатылды

Мәдени Алматы 15.01.2025, 13:08 921
Алматының қоғамдық орындарында алғаш рет 24 автономды кітапхана орнатылды
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы кітапхана саласына инновациялық шешімдерді белсенді енгізуді жалғастыруда.

Мегаполистің қоғамдық орындарында алғаш рет кітап беруге арналған заманауи автоматтар орнатылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

ӨКҚ брифингінде «Алматы қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің» директоры Мейрам Бектембаев айтқандай, осындай 24 дербес кітапхана тоғыз метро станциясында пайда болды: «Райымбек батыр», «Жібек жолы», «Алмалы», «Абай», «Байқоңыр», «Мұхтар Әуезов», «Алатау», «Сайран», «Мәскеу», сондай-ақ,  Медеу және Әуезов аудандарының ХҚКО-ларында, «Спутник», «Атакент», «Азия Парк» сауда орталықтарында, Медеу және Түрксіб аудандарының жастар комьюнити-орталықтарында және Sail коворкингінде.

«Осы автоматтардың көмегімен оқырмандар дәстүрлі кітапханаға бармай-ақ кітаптарды таңдап, ала алады, сондай-ақ әдебиеттерді 24 автоматтың кез келгеніне немесе қалалық кітапханалар филиалына қайтара алады. Ол үшін оқырман билеті болуы керек. Егер ол болмаса, тіркеуден өтіп, «қала оқырмандары клубына қосылуға» болады. Арнайы бұл үшін аппараттардың жанында барлық тіркелгісі келген оқырмандарды тіркеп, билет бере алатын кітапхана қызметкерлері уақытша жұмыс істейтін болады», – деді спикер.

Сондай-ақ, әрбір кітап алғысы келген адам «Алматы кітапханаларының» 30 филиалының бірінен оқырман билетін ала алады, оның үшеуі тәулік бойы жұмыс істейді. Осыдан кейін кітапсүйер оқырман автоматты өз бетінше пайдалана алады немесе almatylibrary.kz сайтында өз бетінше тіркеліп, қажетті кітаптарға тапсырыс беріп немесе оларды онлайн режимінде резервке қоя алады. Кітап алушылар арасында оны қайтару мерзімі автоматты түрде есепке алу үшін қадағалау жүйесі енгізілген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Қазақстан Жазушылар кітапханасының жетекшісі Мақпал Мұхаммедова хабарлады.

Маржан Мұхаммедова сөзіне сүйенсек Алматы мәдениет басқармасына қарасты кітапханалардың барлық жұмысы автоматтандырылған. 1,3 миллионнан астам кітапты құрайтын бүкіл кітап қорының бірыңғай есебі құрылды. Қызметкерлер электронды каталог жүргізеді, әдебиеттердің кімнің қолында екенін ижедел қадағалайды, бұл қызмет көрсетуді едәуір жылдамдатады. Кітаптар мен олардың қол жетімділігі туралы барлық ақпарат бірыңғай мәліметтер базасынан алуға болады, ал қорларды пайдалану статистикасы қызметкерлерге әдебиетке деген сұранысқа талдау жасауға  көмектеседі.

Айтқандай, 2024 жылы қалалық кітапханаларға 3 миллионнан астам келушілер тіркелген. Айта кетейік, қала кітапханаларының 95% - ы жаңғыртылған. Әр кітапханада жиһаз және материалдық-техникалық база жаңартылды, Интернетке қолжетімділік қамтамасыз етілді, сондай-ақ әлемдік стандарттарға сәйкес шешімдер енгізілді

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #кітапхана #брифинг
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Елена Рыбакина Майами турнирінің төртінші айналымына өтті

Бүгін 10:56

«Жыраулар жолымен» жыр жобасы әлемдік рекордтар тізіміне енді

Бүгін 10:10

Гимнаст Ақмарал Ерекешева Грекиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды

Бүгін 09:27

Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады

Бүгін 08:56

Ертең Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

Кеше 19:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика