Алматылық дәрігерлер адам өмірін арашалап қалды

Алматылық дәрігерлер адам өмірін арашалап қалды Сурет: ЖИ
Алматы тұрғыны тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында дертіне шипа тапты. 

28 жастағы жас әйел жетінші ауруханаға жіті панкренекроз және ісіну белгілерімен жедел түрде жеткізілген. Өзінің айтуынша, үнемі оң жақ қабырғасының асты ауырған. Бұған дейін бірнеше рет ауруы асқынып, оң жақ қабырғасының асты тартып ауырған. Бірақ ультрадыбыстық зерттеу мен магнитті-резонанстық томография өтте тас жоқ деген қорытынды шығарып берген. Кейін ота барысында өт қабының көп мөлшерде ұсақ тас пен құмға толып қалғаны анықталған.

Дәрігерлер оған «жіті панкреатит, осептикалық формадағы ауыр панкреонекроз» деген диагноз қойды. Консилиумда толық тексеріп шыққаннан кейін ота жасау туралы шешім қабылданды. МӘМС шеңберінде жасалған лапароскопиялық ота барысында өт қабы алынып тасталды. Дәрігерлердің айтуынша, ұсақ тастар өт жолына байланып, панкреатитке ұқсас симптомдар берген көрінеді.

«Көптеген адамдар өтінде ұсақ тастар барын біле тұра емделмейді, операция жасатуға жүрексініп, ауруға шыдап жүре береді. Содан соң осылай дерті асқынып, ауыр жағдайда ұстамамен ауруханаға түседі. Бірақ бұл пациенттің өтінде тас бары қанша тексерсе де білінбеген. Себебі өте ұсақ тастарды УДЗ мен МРТ/КТ аппараттары көрсетпейді. Өт қабын кесіп алған кезде ішінен құм мен жүздеген ұсақ тас төгілді. Бір жыл ішінде 4 рет асқынып, оң жақ қабырғасының асты қатты тартып ауырған. Осының бәріне себеп болған өт қабын алып тастадық, соңғы екі айда ауру белгілері қайталанбады», — дейді №7 Қалалық клиникалық аурухананың 2-хирургия бөлімшесі меңгерушісі Мұса Сахипов.

Білікті мамандардың шеберлігінің арқасында операция сәтті өтті. Қазір науқас ауруханадан шықты, жағдайы жақсы. Профессор Мұса Сахипов мұндай жағдайларды болдырмас үшін ауру белгілері байқалған сәтте бірден дәрігерлер көмегіне жүгіну қажеттігін ескертті.

 
 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
1
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:20

09:16

20:37

17:53

17:42

17:13

17:08

17:05

17:04

16:47

16:26

16:16

15:57

15:39

15:34

15:23

15:04

14:40

14:15

14:14

13:52

13:47

13:11

13:04

12:45