AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Пластик өткізіп ақша табуға болады

Пластик өткізіп ақша табуға болады

Әлеумет 12.03.2025, 09:16 1,028
Пластик өткізіп ақша табуға болады
Фото: Қайрат ҚОНЫСБАЕВ

Алматыда республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен қалалық «Алматы – ортақ үйіміз» бастамасы аясында жылжымалы экохаб ұйымдастырылды. Қала тұрғындары пластикті қайта өңдеу үдерісімен танысып, экологиялық жауапкершілік туралы көбірек мағлұмат алды және пластикалық бұйымдарды фандоматқа өткізіп, ақшалай сыйақы алу мүмкіндігін сынап көрді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Іс-шара Панфилов көшесінде өтті. Дәл осы жерде бір жыл бұрын қала әкімдігінің жобалық кеңсесінің қолдауымен Қазақстандағы алғашқы фандомат орнатылған болатын. Содан бері бұл орын экологиялық бастамалардың символдық нүктесіне айналды.

Eco Network жобасының негізін қалаушы Евгений Мұхамеджанов мұндай бастамалар қала тұрғындарына экологиялық әдеттерді сіңіруге көмектесетінін атап өтті:

– Фандоматтар – бұл пластик қалдықтарынан құтылудың ыңғайлы әдісі ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаға саналы көзқарасты қалыптастырудың құралы. Біз адамдардың қарапайым әрекеті де экологияны жақсартуға үлес қоса алатынын түсінгенін қалаймыз. Қалдықтарды қайта өңдеу бір реттік емес, күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналуы тиіс. Алматы экологиялық болашаққа қарай қадам жасап келеді, және бұл – тек бастамасы! – деді ол.

Іс-шара қонақтарының арасында 5-сынып оқушысы Ілияс Ахметов те болды.


– Егер әр аулада осындай аппараттар орнатылса, ешкім пластик бөтелкелерді жай ғана қоқысқа тастамас еді. Экология туралы бұрын ойланбаған достарымның өзі қызыға бастады. Біз мектептен кейін пластик жинап, оны өткізіп тұруға келістік, - дейді ол.

Бұл экохаб алматылықтар арасында экологиялық әдетті насихаттауға бағытталған тағы бір маңызды қадам болды. Ұйымдастырушылар мұндай шараларды қоғамдық орындарда ғана емес, сауда орталықтарында, саябақтарда және қалалық алаңдарда өткізіп, мүмкіндігінше көп адамды қоршаған ортаны қорғау ісіне тартуды жоспарлап отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Таза Қазақстан #Алматы – ортақ үйіміз #Экология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Бүгін 17:55

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Бүгін 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Бүгін 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Бүгін 16:56

Наурызбай ауданында «Халық қатысатын бюджет» аясында 35 жоба іске асырылуда

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);