Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматының индустриалды аймағында автокөлік орындық...

Алматының индустриалды аймағында автокөлік орындықтарын шығаратын зауыт ашылды

Барлығы 11.03.2025, 15:04 807
Алматының индустриалды аймағында автокөлік орындықтарын шығаратын зауыт ашылды
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының индустриалды аймағында Almaty Autoparts Production жаңа зауытының ашылу салтанаты өтті.

 Кәсіпорын автомобиль орындықтарын шығаруға маманданған. Іс-шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров, ҚР Индустрия және құрылыс министрлігі Индустрия комитетінің төрағасы Азамат Панбаев, Yongsan компаниясының төрағасы Пак Чон Бом және «Астана Моторс» компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Almaty Autoparts Production зауыты жылына 100 000 жиынтық автомобиль орындықтарын (Hyundai, Great Wall Motors, Chery брендтері үшін) өндіруге қауқарлы. Бұл автокомпоненттер импортына тәуелділікті айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Кәсіпорын мультимедиялық жүйелер, автомобиль орындықтары және басқа да автокомпоненттер өндірісін біріктіретін технопарктің маңызды бөлігіне айналады.

Зауыттың жалпы аумағы 4 850 м², инвестиция көлемі – 4 млрд теңге. Бірінші кезеңде 65 жаңа жұмыс орны құрылды. Құрылыс 2023 жылдың үшінші тоқсанында басталып, 2025 жылдың наурызында жаппай өндіріс іске қосылды.

«Зауыттың ашылуы Алматының өнеркәсіптік әлеуетін дамытудағы маңызды қадам. Бұл жаңа жұмыс орындары ғана емес, сонымен қатар қала экономикасын дамытуға, мамандардың біліктілігін арттыруға және жоғары технологиялық өндірісті дамытуға қосылған үлес», – деді Алматы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров.

Кәсіпорынның басты мақсаты – автомобиль кластерін дамыту, автокомпоненттер өндірісін жергіліктендіру және машина жасау саласында білікті мамандар даярлау.

Еске сала кетейік, 2024 жылы қазанда Алматының индустриалды аймағында Оңтүстік Кореяның Motrex корпорациясымен бірлесіп, жылына 100 000 жиынтық мультимедиялық құрылғы шығаратын зауыт іске қосылған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #автокөлік орындықтары #зауыт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сенбілікке белсене қатысты

Бүгін 18:49

Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік: Алматыда мәдениет саласының өкілдері сенбілікке белсенді қатысты

Бүгін 16:55

Алматылықтар «Желтоқсан» саябағында сенбілікке қатысты

Бүгін 14:45

Болашақтың саясында өткен мереке: Алматыда «Тамырлас» жобасы басталды

Бүгін 14:19

ІІМ басшысы Сәденов Алматыдағы жол апатына қатысты бірқатар мәлімдеме жасады

Бүгін 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика