AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда «Алматы-біздің ортақ үйіміз» акциясы аясы...

Алматыда «Алматы-біздің ортақ үйіміз» акциясы аясында «Таза саябақтар мен скверлер» апталығы басталды

Барлығы 11.03.2025, 15:39 981
Алматыда «Алматы-біздің ортақ үйіміз» акциясы аясында «Таза саябақтар мен скверлер» апталығы басталды
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда жалпы республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында ұйымдастырылған «Таза саябақтар мен скверлер» апталығы басталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Іс-шараның мақсаты-тазалықты сақтау, көгалдандыру, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және тұрғындарды қаланы бірлесіп тазартуға тарту.

Ағымдағы жылдың 10-16 наурызы аралығында Алматыда саябақтарда, скверлерде, өзен жағалауларында ауқымды экологиялық акциялар өтеді. Қоқыстарды жинау, арықтарды тазарту, ағаштар мен бұталарды отырғызу, абаттандырудың жаңа элементтерін орнату жоспарлануда. Апта аясында экологиялық акциялар (блогинг, мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді тапсыру және т.б.), қалдықтарды бөлек жинау бойынша білім беру дәрістері мен шеберлік сыныптары ұйымдастырылады.

Аумақты жинау акциясымен қаланың 445 саябағы мен скверлері, сондай-ақ Есентай, Кіші Алматы, Қарғалы, Боралдай, Ақсай, Жарбұлақ, Тіксай, Қарасу, Еременсай, Тастыбұлақ, Керен құлақ өзендерінің жағалаулары қамтылады, Бекенбай, Әбілғазы, Ботбайсай, Шыбынсай, Терісбұлақ, Беделбай, Әуежай, ҮАК, М2 және М1 каналдары.

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны экологиялық хабардарлықты арттыруға және қала тұрғындары арасында қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы - біздің ортақ үйіміз #Таза саябақтар мен скверлер #апталық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларына қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есеп

Бүгін 18:17

Экологтар City Run жарысы кезінде Алматы орталығындағы ауа сапасын өлшеді

Бүгін 16:48

Рекордтар, жапондық танымал спортшы және 66 елден келген желаяқтар: Алматыда мерейтойлық жүгіру маусымы аяқталды

Бүгін 13:26

Алматыдағы спорт мектебінің ғимараты жанып кетті

Бүгін 13:00

Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгеге 33 жыл

Бүгін 12:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);