Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматылық акушер аяғы ауыр әйелді пәтерінде босанд...

Алматылық акушер аяғы ауыр әйелді пәтерінде босандырып алды

Оқиға 19.04.2023, 17:12 1,177
Алматылық акушер аяғы ауыр әйелді пәтерінде босандырып алды
Сурет: Inform.kz

Алматыдағы №1 қалалық перзентхананың акушері Перизат Асқар толғағын елемей, тууға жақын қалған әйелді үй жағдайында босандырып алды.


31 жастағы Алматы тұрғыны екінші баласы болғандықтан, перзентханаға толғағын «пісіріп» бір-ақ бармақшы болады. Алайда, босану процесі жеделдеп, перзентханаға жете алмай қалған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Ол күні мен кезекшіліктен шығып, үйге қайтып келе жатқанмын. Аулада "жедел жәрдем" көлігі тұр. Жиналғандар төртінші қабатта аяғы ауыр әйелдің босануы жақын екенін айтты. Бірден сол пәтерге бардым. Екіқабат келіншек іші ауырса да, толғақ деп ойламаған. Тіпті, бала шығуға жақын қалыпты. Перзентханаға апаруға кеш еді. Сондықтан үй жағдайында аман-есен босандырып алдым. Содан кейін "жедел жәрдеммен" перзентханаға алып кетті», – дейді Перизат Асқар.



Айтуынша, перзентхана қабырғасынан тыс босандыру тәуекелге толы болса да, кейде шұғыл әрекет етуге тура келеді.


Мұндай жағдай болмау үшін жүкті әйелдер босануға дайындықты емдеу мекемесінде өтуі тиіс.


Жүктілігінің ерекшелігін, толғақтың барысын, босану кезіндегі әдістерді меңгергені жөн.


Осы салада 10 жылға жуық еңбек өтілі бар тәжірибелі акушер Перизат Абылайқызы осы уақыт аралығында мыңдаған сәбидің аман-есен өмірге келуіне себепші болды. Бір ғана кезекшілікте жеті нәрестенің кіндігін кескен кездері де бар.



«Көптен күткен сәбиін қолына алып, қуанған ананың жүзін көру – бір бақыт. Адам өміріндегі ең қуанышты сәтке куәгер болып жүргенім жүрек қалауыммен таңдаған мамандағымның арқасы», – дейді ол.



Білікті маманның сөзінше, босандыру барысында ең басты міндет – ана мен бала өмірін сақтап қалу.



«Бұл ретте қазір жаңа технологиялар қолданылып жүр. Атап айтқанда, баланың жүрек қағысын бақылап тұруға мүмкіндік беретін КТГ аппаратының көмегі зор», – деп атап өтті Перизат Асқар.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #акушер әйел #пәтерде босандыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда студент жастарға арналған «Jas Gala» қалалық фестивалі

Бүгін 18:15

"Отаға қатысуды таңдадым". Жетінші рет әке атанған Төреғали Төреәлі қызына қандай есім бергенін айтты

Бүгін 17:54

Бас-ми жарақатын алған: Астанада психикалық денсаулық орталығының фельдшеріне шабуыл жасалды

Бүгін 17:20

Зорлау ісімен сотталған блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты

Бүгін 16:57

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика