Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы Сәтбаев көшесінің бойындағы апатты жағд...

Алматыдағы Сәтбаев көшесінің бойындағы апатты жағдайдағы ағаштардың орнына ірі көшеттер отырғызылады

Әлеумет 11.12.2024, 14:39 788
Алматыдағы Сәтбаев көшесінің бойындағы апатты жағдайдағы ағаштардың орнына ірі көшеттер отырғызылады
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ғылыми қызметкерлер, сарапшылар, қоғам қайраткерлері және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен көшпелі кеңес барысында қылқан жапырақты ағаштардың жағдайы бағаланды.

Сарапшылар Сәтбаев көшесіндегі автотұрақ маңындағы ескі шыршалардың жағдайына қатты алаңдаушылық білдірді. Ағаштардан қураған инелер мен діңнің шіру белгілері анықталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Жиембаев атындағы Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Нұржан Мұхамадиевтің айтуынша, тексеру барысында кей шыршалардың инелері қурап, түсі ағарып кеткені байқалған.

«Шыршалар 60-70 жылдық, диаметрі 30 см-ден асады. Инелерде анық емес дақтар, күннің әсерінен күйген белгілер бар. Тамыр маңындағы қоректену аумағы азайған. Сондай-ақ, қабығында механикалық зақымданулар, шайыр ағып шығу белгілері және улы газдардың әсері байқалады. Ылғалды камерада және қоректік ортада жүргізілген тәжірибелер кезінде Альтернария (Alternaria) және Мукор (Mucor) тұқымдас саңырауқұлақтардың болуы анықталды. Алайда зиянды патогенді ағзалар табылған жоқ. Бұл діңінің ішкі шірігі мен ағаштардың сарғайып кетуіне байланысты. Санитарлық жағдай бойынша бұл ағаштар әлсіз деп бағаланды (КСО-3). Декоративтік қасиетін жоғалтқандықтан, оларды төзімді қылқан жапырақты ағаш түрлеріне ауыстыру ұсынылады», – деді Мұхамадиев. 

«ЭкоАлматы» ЖШС-нің бөлім басшысы Болат Әмірғалиев резистограф арқылы жүргізілген зерттеулер ағаштардың құрып бара жатқанын, зиянкестер мен аурулардың кең тарағанын көрсеткенін атап өтті. «Сквердегі кейбір шыршалар толықтай қурап қалған, бірінші кезекте соларды кесу керек», – деді ол.

«Жасыл комиссия» мүшесі Омар Нұрхайдаровтың айтуынша, ағаштардың автотұраққа жақын орналасуы олардың құлап, көлікке және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне қатер төндіретінін көрсеткен. Осыған байланысты сарапшылар ықтимал қауіп-қатердің алдын алу үшін ескі ағаштарды кесуді ұсынды.

Көшпелі кеңес нәтижесінде ескі ағаштардың орныа ірі көшеттер отырғызу туралы шешім қабылданды. Ірі көшеттер – бұл биіктігі 4 метрден асатын, тамыр жүйесі жақсы дамыған, діңі мен ұшар басы бар, Алматы қаласының климаттық жағдайына бейімделген жергілікті тәлімбақтарда өсірілген ағаштар.

 

 

 

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ағаштар #кесу #апатты ағаштар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жыл басынан бері үш тонна есірткі айналымға жіберілмеді

Бүгін 14:41

Астрофизик: Айға қайта оралу – ғылым үшін жаңа кезең 

Бүгін 12:01

Астрономияны білсеңіз, астрологияға сенбейсіз – астрофизик пікірі

Бүгін 11:56

Қазақстанда ғалым қанша табыс табады?

Бүгін 11:52

2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика