AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда «100 медиативті мектеп» жобасы іске қо...

Қазақстанда «100 медиативті мектеп» жобасы іске қосылды

Әлеумет 11.12.2024, 14:49 1,095
Қазақстанда «100 медиативті мектеп» жобасы іске қосылды
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазақстан мектептерінде «100 медиативті мектеп» жобасы іске қосылды. Бұл бастама елдегі барлық білім беру ұйымдарында қауіпсіз және қолдаушы ортаны қалыптастыруға бағытталған. Жобаның басты мақсаты – қақтығыстарды тиімді шешіп, оқушылар, педагогтер және ата-аналар үшін жағымсыз салдардың алдын алу,  деп хабарлайды aqshamnews.kz

Жоба аясында мектеп медиациясы қызметтері құрылып, бірегей әдістемелік ұсынымдармен қамтамасыз етілді. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әзірлеген ұсынымдар мектеп медиациясын ұйымдастырудың теориялық және практикалық материалдарын қамтиды. Бұл құжаттар мектептерде медиативтік практикаларды енгізуге негіз болып, медиативті қызметтердің тиімділігін арттырады.

Жобаның негізгі мақсаты – қиын өмірлік жағдайларда оқушыларға қолдау көрсету, отбасылық және мектепішілік дауларды шешу, сондай-ақ медиативтік әдістер арқылы оқушылардың даму мүмкіндіктерін арттыру. Сонымен қатар, мектептердегі психологиялық ахуалды жақсарту және даулы жағдайлардың санын азайту көзделген.

Медиация қызметтеріне әртүрлі әлеуметтік топтардың өкілдері тартылады, олар:

  • Жоғары сынып оқушылары,
  • Педагогтер мен педагог-психологтар,
  • Әлеуметтік педагогтер,
  • Ата-аналар,
  • Үкіметтік емес ұйымдардың, қамқоршылық кеңестердің және аға ұрпақтың өкілдері.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова бұл жобаның маңыздылығын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, медиативтік практика оқу орындарындағы психологиялық ахуалды жақсартып, оқушылардың әлеуметтенуіне ықпал етеді. Сонымен қатар, отбасылық-құқықтық дауларды шешуге жәрдемдесу және мектептердегі жалпы жағдайды жақсарту арқылы қоғамдағы бейбітшілікке үлес қосады.

Бұл жоба мектептердегі тәрбие жұмысын жаңа деңгейге көтеріп, оқушылар мен ата-аналардың арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға септігін тигізеді. «100 медиативті мектеп» жобасы Қазақстанның білім беру саласында үлкен жаңалық болмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Медиация #мектеп #оқушы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: "Кітап оқыған адам ғана өмірден өз орнын табады"

Бүгін 11:07

Алматының алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы

Бүгін 10:05

Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына қатысушылар саны 7 млн адамнан асты

Бүгін 09:15

Театртанушы Бағыбек Құндақбайұлына – 100 жыл

Кеше 22:25

Мемлекет басшысы Каспий экология саммитінде сөз сөйледі

Кеше 19:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);