Кез-келген өнімнің сапа векторы, ең алдымен, оны қамтамасыз етудің әмбебап құралы болып табылатын стандарттармен белгіленеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде «Қазстандарт» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының директоры Дәурен Сәрсенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.
«Біздің институттың қызметі қазақстандық өнімдер мен қызметтердің сапасын, қазақстандықтардың өмір сүру сапасы мен деңгейін арттыруға, қоғамның ұлттық стандарттау жүйесіне деген сенімін арттыруға және жоғары ғылыми-техникалық деңгейде қызмет көрсету арқылы өлшем бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған», - деді Дәурен Сәрсенбаев.
Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиал Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша стандарттау және метрология саласындағы саясатты іске асырады, сондай-ақ елдің бүкіл оңтүстік өңірін қамтиды.
ӨКҚ спикері «Қазстандарт» РМК Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша филиалында қазіргі уақытта филиалға жүктелген жұмыстардың үлкен көлемін орындайтын 18 маман жұмыс істейтінін атап өтті. Өлшеудің 10 түрі бойынша аккредиттелген екі зертхана бар – салыстырып тексеру және калибрлеу зертханалары, олар Қазақстан Республикасында өлшем бірліктерінің өлшемдерін аккредиттелген салыстырып тексеру және калибрлеу зертханаларына беру, сондай-ақ дәлдігі жоғары өлшеу құралдары үшін шама бірліктерін беру арқылы өлшем қадағалануын жүзеге асырады.
Метрология құралдарын қолдану (өлшеу нәтижелерін тану үшін тексеру, калибрлеу, қадағалау) ақаулы өнімді шығаруға байланысты қаржылық шығындардың азаюына әсер етеді, бұл өнімнің сапасын жақсартады және оның өзіндік құнын төмендетеді.
«Бұл әрекеттердің барлығы отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырады, сауда қатынастарын кеңейтеді, саудадағы техникалық кедергілерді жояды және әлемдік нарыққа еркін экспортқа шығуға ықпал етеді», - деп түсіндірді Дәурен Сәрсенбаев.
ҚР «Стандарттау туралы» Заңына сәйкес жыл сайын стандарттау жөніндегі ұлттық жоспар жасалады.
Стандарттаудың Ұлттық жоспарын стандарттау жөніндегі ұлттық орган қалыптастырады және ұлттық стандарттау жүйесін дамытудың стратегиялық мақсаттары мен бағыттарын ескере отырып, уәкілетті орган жыл сайын бекітеді.
Қазіргі уақытта «Казстандарт» сайтында 2025 жылға арналған Ұлттық жоспардың жобасы орналастырылған, оған 378 стандарт енгізілген. Негізгі бағыттар: өнеркәсіп, құрылыс, қызмет көрсету, цифрландыру, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған стандарттар және т.б.
Стандарттардың жобалары оларды әзірлеу, талқылауды жоспарлау процесінде ашық қол жетімді. Әрбір азамат өз көзқарасын білдіре алады және өз ұстанымын айта алады, яғни барлық стандарттар консенсус негізінде қабылданады.
Стандарттау және метрология саласындағы мәселелерді түсіндіру бойынша отандық өндірушілердің кең ауқымы үшін филиал сапарлар, дөңгелек үстелдер, оқыту курстары мен семинарлар ұйымдастырады, нормативтік құжаттарды өзектендіру бойынша қызметтер көрсетеді.
Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында филиал қызметкерлері өңірдің 38 кәсіпорнына барды, 5 дөңгелек үстел өткізді, 9 оқыту курстары мен семинарлар ұйымдастырылды, 3597 нормативтік құжаттарды өзектендіру жүргізілді.
Мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік қорғау шараларының тиімді жүйесін құру мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады.
Инфрақұрылым объектілері мен қаржы ұйымдары бөлімшелерінің мүгедектігі бар адамдарға және халықтың мобильділігі төмен топтарына қызмет көрсету, сондай-ақ есту қабілеті нашар адамдарға ымдау тілі қызметтерін ұсыну бойынша қолжетімділігін жақсарту мақсатында ағымдағы жылдың ақпан айында Алматы қаласының ӨКП алаңында 2023 жылы «Қазстандарт» РМК әзірлеген және 2024 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетін ұлттық стандарттарды енгізу бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Бұл стандарттар инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігінен және мүмкіндігі шектеулі клиенттерге қызмет көрсетудің арнайы шарттарынан бастап лингвистикалық құзыреттілікке, әртүрлі диалектілерге және ымдау тілінің стильдеріне ие аудармашыларға қойылатын талаптарға дейін нақты талаптарды белгілейді.
«Стандарттау және метрология өнімдердің, жұмыстар мен қызметтердің сапасын қамтамасыз ету құралы болып табылады – көп қырлы коммерциялық, қоғамдық және саяси қызметтің маңызды аспектісі», – деп атап өтті Дәурен Сәрсенбаев.