Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда салық салу саласындағы ең жиі кездесетін...

Алматыда салық салу саласындағы ең жиі кездесетін құқық бұзушылықтар аталды

Әлеумет 12.07.2023, 09:13 928
Алматыда салық салу саласындағы ең жиі кездесетін құқық бұзушылықтар аталды
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Заң басқармасының басшысы Абылай Мекебаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Департаменттің деректері бойынша жыл басынан бері Алматы бойынша 14 260 әкімшілік материал жасалды, оның ішінде 2570 хабарлама болса, қалғаны әкімшілік хаттамалар мен қаулылар. Бұл ретте салық салу саласындағы жиі орын алатын құқық бұзушылықтар әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің баптары бойынша жасалады: 
- 272-бап бойынша мерзімде салық есептілігін ұсынбау;
- зейнетақымен қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы бұзушылық (атап айтқанда, төлеушінің аударым және (немесе) жарналар бойынша міндеттерді орындамауы не тиісінше орындамауы) 91,92,92-1-бап;
- салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомаларын төмендету) 278-бап бойынша тексеру нәтижелері бойынша анықталады;
- 275-бап бойынша салық есептілігінде көрсетілуге жататын салық салу объектілерін және өзге де мүлікті жасыру;
- 269-бап бойынша Мемлекеттік кірістер органында тіркеу есебіне қою мерзімін бұзу.



«Әкімшілік айыппұлдардың көпшілігі төленбейді, тексеру нәтижелері бойынша туындаған айыппұлдар төленбей қалады. Сондай-ақ, әлеуметтік төлемдер бойынша, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 278-бабы бойынша.Сондай-ақ 91-92-92-1 баптары бойынша, бұл айыппұлдардың санаттары, оларға ішінара 275 бап қосылады,  яғни,  салық салу объектілерін жасыру. Бұл - төлемдер бойынша проблемалар жиі кездесетін баптар. Өндіріп алу шараларын Мемлекеттік кірістер органы атқарушылық іс жүргізу органдарына жүгінбей - ақ жүргізеді», -  деді А.Мекебаев. 



Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғауға себеп болатын жайттар (802-бап):
- уәкілетті лауазымды адамның осы баптың үшінші бөлігінің ережелерін ескере отырып, Әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін тікелей анықтауы;
- құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан келіп түскен материалдар;
- жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары немесе өтініштері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар;
- арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарының, сондай-ақ сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен байқау аспаптарының, оның ішінде автоматты режимде жұмыс істейтіндердің және автомобиль көлігі және жол жүрісі қауіпсіздігі саласында жол жағдайын фото - бейнетүсірілім, көлік құралының қозғалыс жылдамдығы мен бағытын, жолдың басқа қатысушыларының іс-қимылдарын айқындау арқылы әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалуын тіркейтін көрсеткіштері қозғалыс;
-бақылау-өлшеу аппаратурасының және (немесе) радиотехникалық бақылау құралдарының көрсеткіштері.


Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы оған уәкілеттік берілген лауазымды адам жазбаша түрде жасайды. Жазбаша үлгісімен қатар, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың электрондық нысаны да пайдаланылуы мүмкін.



«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау кезінде жауапқа тартылатын адамның қорғаушысы болуға құқылы, ал қорғаушы – заңда белгіленген тәртіппен әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адамның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын және оған заң көмегін көрсететін адам.
Адвокаттар қорғаушы ретінде қатысады», - деді спикер. 



Адвокаттармен қатар қорғаушы ретінде жұбайы / зайыбы, жақын туыстары немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылатын адамның заңды өкілдері жіберіледі. Егер бұл Қазақстан Республикасының тиісті мемлекетпен халықаралық шартында заңнамада айқындалатын тәртіппен өзара негізде көзделсе, шетелдік адвокаттар іске қорғаушы ретінде қатысуға рұқсат беріледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#салық #заң #бұзушылық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда “ALGYS FEST” мерекелік концерті өтеді

Бүгін 11:47

Қазақстандық конькиші екі дүркін әлем чемпионы атанды

Бүгін 10:51

Гүл жеткіземін деген “курьер” ақтөбеліктің 7,5 млн теңгесін қағып кеткен

Бүгін 10:44

“Үйіме жеттім-ау”. Михаил Шайдоровты алматылықтар ерекше құрметпен қарсы алды

Бүгін 09:24

Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі