ffin.kz

Газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік

Газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік Сурет: ашық дереккөз

Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес, тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарын, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі тұрмыстық баллондарды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығына сәйкес, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микро кәсіпкерлік субъектілерін аралай отырып, тексерулер мен қадағалауды тоқтатылды.


Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік бақылау ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізіледі.


2023 жылдың басынан бастап Басқарма мамандары 8 объектіге жоспардан тыс тексерулер жүргізді, оның ішінде 2 объектіге айыппұл салынды.


Сондай-ақ, халықтың өмірі мен денсаулығына жаппай қауіп төндіретін төтенше жағдайлардың алдын алу үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде бір жыл ішінде (бірінші және екінші жартыжылдықта) Төтенше жағдайлар департаментімен, Алматы қаласы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасымен бірлесіп газ жабдықтарын, қазандықтарды, баллондарды және қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды қауіпсіз пайдалану шаралары бойынша үгіт-насихат айлықтары өткізіледі. Аталған іс-шаралар шеңберінде шығулар ұйымдастырылады, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүзеге асырылады және газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану бойынша ақпараттық жадынамалар беріледі.


Осыған байланысты Басқарма Заңның 19-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес, газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарының иелері олардың тиісті техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті екенін еске салады.


Коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылар тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын беруді жүзеге асыратын газ тарату ұйымымен немесе топтық резервуарлық қондырғылардың иесімен не Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған, газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын мамандандырылған тәуелсіз ұйыммен өздеріне тиесілі газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға міндетті.


Сондай-ақ, тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар (пайдаланушылар) «Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талапты» (ҚР ІІМ 2017 жылғы 9 қазандағы № 673 бұйрығымен бекітілген) сақтауы тиіс.


Сұйытылған мұнай газымен баллондарын:


1) тұрғын үй бөлмелері мен дәліздерде;


2) іргелік және жертөле үй-жайлар мен шатырларда;


3) қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының асханалық және сауда залдарының, аудиториялар мен оқу сыныптарының, ғимараттардың көрермен (акт) залдарының, аурухана палаталарының, басқа да осыған ұқсас үй-жайлардың астында және үстінде орналасқан үй-жайларда;


4) табиғи жарықсыз үй-жайларда;


5) авариялық шығатын жерлерде;


6) ғимараттың басты қасбеттері жағынан;


7) қабаты екі қабаттан асатын көп пәтерлі тұрғын үйлерде орнатуға жол берілмейді.


 Алматы қаласының тұрғындарына ұсынамыз:


- қолданғаннан кейін әрдайым газ құрылғыларындағы барлық крандарды жабыңыз;


- желдету торларын қалқаламаңыз немесе жаппаңыз;


- әлсіз тартымды түтін мұржасымен газ пештерін және газ колонкаларын пайдаланбаңыз;


- газдандыру кезінде қауіпсіздік автоматикасымен жабдықталған жабдықты орнатыңыз (ол оттықтың жалыны сөнген кезде және тартқыш болмаған жағдайда газ беруді, өшіруді қамтамасыз етеді) және газдың шығу сигнализаторларын орнатыңыз;


- газ жабдығын ауыстыру немесе жөндеу кезінде тиісті біліктілік куәлігі бар адамдарды жұмысқа жіберіңіз;


- апаттық жағдайда газ құрылғыларын өшіріңіз, терезелерді ашыңыз бөлмеде желдету жасаңыз, жақын жерде ешкім от пен электр жарығын пайдаланбауын қадағалаңыз (темекі шегуге, ажыратқыштарды және кез-келген тұрмыстық техниканы қолдануға тыйым салынады).


 Газ жабдықтарын пайдалану аса жоғары назар аударуды қажет етеді!


         Егер газдың иісі пайда болса, газ беруді дереу тоқтатыңыз, бөлмені желдетіп, «104» немесе 109 телефоны бойынша газдың апаттық-диспетчерлік қызметіне қоңырау шалыңыз.


         Сондай-ақ, ҮІГЖ-ға техникалық қызмет көрсету бойынша сервистік компанияға қатысты басқару органына (ПИК, ПИТК, МИБ, ЖК, ТК және т.б.) жүгінуге немесе түбіртектерде көрсетілген байланыс нөмірлері бойынша нақтылауға болады.


Газбен жабдықтау жүйелері мен газ жабдықтары объектілерінің қауіпсіздік талаптарын бұзу мәселелері бойынша Басқармаға Достық даңғылы, 85, мекенжайы бойынша жазбаша хабарласа аласыз,
тел. 225-14-19.


 





































































ҮІГЖ-ға техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсететін ұйымдардың тізімі



р/н



Ұйымның атауы



1



«Алматыгаз» Абоненттік есептік орталығы» ЖШС – 3863069,
386-30-70



2



«КСК Сервис» ЖШС диспетчерлік тел. 3929553, 87013885490



3



«Игорь и К» ЖШС, дисп. тел. – 3278109



4



«Профгаз» ЖШС, дисп. тел. – 3172827



5



«Sotesc» ЖШС, тел. – 87076356777



6



«Мухандес газ» ЖШС, тел. – 247-65-53, 87013885490



7



«Solarit» ЖШС, тел. – 87089493626 Еркебулан



 



«STA PROFIT COMPANY» ЖШС, тел. – 87771466906, Данил



8



«ССХ» ЖШС, дисп. тел. – 3340845,



9



«Тауекель газ» ЖШС, дисп. тел. – 2970747



 



Сұйытылған газ баллондар



1



«Альянс-АДМ-Газ» ЖШС, тел. – 7(727)294‒06‒38



2



«LT Gas» ЖШС, дисп. тел. +7 727 2941911, +7 727 2941915, +7 727 2941916



 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32