Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда жедел жәрдем қызметкерлері смарт-бейнежет...

Алматыда жедел жәрдем қызметкерлері смарт-бейнежетондармен жабдықталады

Барлығы 23.07.2025, 12:26 620
Алматыда жедел жәрдем қызметкерлері смарт-бейнежетондармен жабдықталады
Сурет: Gov.kz

Алматы қаласында жақын арада жедел жәрдем қызметінде смарт-бейнежетондар қолдану жоспарланып отыр.

Бұл құрылғылар медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін арттыру мақсатында енгізілуде. Қазірдің өзінде аталған технология елордада бес жедел жәрдем бригадасында пилоттық режимде сынақтан өтіп жатыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Смарт-бейнежетондар қоңырауларды бейнетіркеуге мүмкіндік береді және төтенше жағдай туындаған кезде жедел әрекет ету құралы ретінде қызмет атқарады.

Аталған шешім – Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру аясында қолға алынған бірқатар жобалардың бірі. Денсаулық сақтау министрлігінде ведомство басшысы Ақмарал Әлназарова мен «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусиннің қатысуымен өткен кездесуде жасанды интеллект қолданылатын цифрлық жобалар кеңінен талқыланды.

Ұсынылған бастамалар қатарында:

         •        «ЖИ-терапевт» жүйесі. Ақмола облысының медициналық ұйымдарында сынақтан өтіп жатқан бұл сервис дәрігер мен пациент арасындағы диалогты нақты уақыт режимінде талдап, 80% дәлдікпен алдын ала диагноз қоя алады. Сондай-ақ дәрігердің құжат толтыру уақытын 40%-ға қысқартады.

         •        Қашықтан бақылауға арналған телемедициналық қосымша. Қазақстандықтар бұл қосымшаның көмегімен қан қысымын, жүрек соғысын, дене температурасын, қандағы оттегі мен глюкоза деңгейін өлшей алады. Аталған шешім әсіресе ауылдық жерлердегі медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

 Кездесу соңында тараптар медициналық инфрақұрылымды цифрландыру мен пилоттық жобаларды кеңейтуге уағдаласты.

 Бағдат Мусиннің айтуынша, «Қазақтелеком» АҚ медицина ұйымдарына бейнебақылау, қолжетімділікті бақылау, дабыл батырмасы және полицияның жедел басқару орталықтарымен интеграцияланған бейнетаспа жүйесі сынды қауіпсіздік құралдарын ұсынуға дайын.

 Ақмарал Әлназарова:

 «Медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі мен жұмыс тиімділігі – басты басымдық. Күзет, шұғыл әрекет ету жүйелері және телемедицинаға қатысты жобалар денсаулық сақтау саласындағы өзекті сын-қатерлерге нақты жауап береді», — деп атап өтті министр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ДСМ #Жасанды интеллект #смарт-бейнежетондар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық өнердің ұлағатты жолын жалғаған жыршы

Бүгін 16:34

Марал Анарбекқызы: арманнан туған өнер

Бүгін 16:30

Арман мен еңбек бір тұтас, өнер – оның көрінісі

Бүгін 16:27

Алматы дәрігерлері ауруларды ерте анықтау үшін скринингтен өтуге шақырады

Бүгін 16:05

Олжас Бектенов: ғылымға ұзақмерзімді инвестиция салуды ынталандыру қажет 

Бүгін 15:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика