AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда жолаушылар тасымалы саласындағы тәртіпті...

Алматыда жолаушылар тасымалы саласындағы тәртіпті нығайту бойынша жұмыс кеңесі өтті

Барлығы 23.07.2025, 12:09 616
Алматыда жолаушылар тасымалы саласындағы тәртіпті нығайту бойынша жұмыс кеңесі өтті
Сурет: Polisia.kz

Алматы қалалық полиция департаментінде жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және жолаушылар тасымалы саласындағы тәртіпті нығайту мәселелеріне арналған кеңес өтті.

Оған әкімшілік полиция қызметкерлері, автопарктердің өкілдері, қоғам белсенділері және сарапшылар қауымдастығы қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаевтың айтуынша, жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әсіресе жолаушыларды тасымалдау кезінде, барлық мүдделі тараптардың ортақ жауапкершілігін талап ететін басым бағыттардың бірі. 

— Қазіргі уақытта еліміз бойынша “Тасымалдаушы” жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Оның басты мақсаты – жол қауіпсіздігін арттыру және қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан заң бұзушылықтарға жол бермеу. Тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету - біздің ортақ міндетіміз. Барлық қызметтердің үйлесімді жұмысы мен тәртіпті ұстану арқылы ғана қала тұрғындарының сенімін ақтап, қайғылы оқиғалардың алдын алуға болады, - деді Асхат Құлбаев.

Кеңесте 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында қоғамдық көліктің қатысуымен орын алған жол-көлік оқиғаларына талдау жасалды. Жарақат алғандар саны да артып отырғаны атап өтілді. Сонымен қатар жедел алдын алу іс-шаралары барысында қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан жол ережелерін бұзу деректері және техникалық ақауы бар автобустардың пайдаланылғаны белгілі болды. Көлік жүргізушілерін даярлау, олардың тәртібі, рейс алдындағы нұсқамалар мен автокәсіпорындар тарапынан бақылау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жаңа оқу жылы қарсаңында, жолаушылар ағыны мен қоғамдық көлікке түсетін жүктеме артатын кезеңде, алдын алу шараларын күшейтудің маңыздылығы атап өтілді. Тараптар тасымалдау қауіпсіздігі деңгейін арттыру және жол қозғалысына жауапкершілікпен қатысу мәдениетін қалыптастыру бойынша одан әрі өзара іс-қимыл және күш-жігерді үйлестіру қажеттілігі туралы ортақ пікірге келді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жолаушылар тасымалы #тәртіпті нығайту #жұмыс кеңесі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қала қауіпсіздігі басты назарда: Наурыз қарсаңында алматылық ұландықтардыңавтопаркі заманауи техникамен толықты

Бүгін 21:14

Алматыда көктемгі әскерге шақыру басталды

Бүгін 19:27

Тоқаев: ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек

Бүгін 17:52

Алматыда “Батамен ел көгерер” атты батагөйлер байқауы өтті

Бүгін 17:29

Құндылықтар мен қолдау: отбасы арқылы экстремизм мен зорлық-зомбылыққа тосқауыл

Бүгін 17:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика