Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алдағы бес жылда елімізде сегіз мамандық жойылуы м...

Алдағы бес жылда елімізде сегіз мамандық жойылуы мүмкін

Әлеумет 23.07.2025, 12:41 628
Алдағы бес жылда елімізде сегіз мамандық жойылуы мүмкін
Сурет: freepik.com

2030 жылға дейін Қазақстанда сегіз мамандық толықтай жойылуы  немесе бұл салаларда жұмыс күшінің күрт қысқаруы мүмкін, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Бұл туралы ІМЭС университетінің экономика және басқару кафедрасының доценті Люза Байгузина мәлімдеді.

Жойылуы ықтимал мамандықтар тізіміне мыналар кіреді:

  • Колл-орталық операторы;
  • Кассир;
  • Қойма қызметкері;
  • Баспахана жұмысшысы;
  • Ескірген техниканы жөндейтін механик;
  • Аграрлық сектор мамандары;
  • Бухгалтер;
  • Журналист.

Неліктен бұл мамандықтар жойылуы мүмкін?

Сарапшының айтуынша, алғашқы үш мамандық – колл-орталық операторы, кассир және қойма қызметкері – автоматтандыру мен жасанды интеллект сияқты технологиялардың дамуы нәтижесінде өзектілігін жоғалтады.

Бүгінде көптеген қызмет түрлері автоматты жүйелермен алмастырылып жатыр. Бұл үрдіс болашақта тек күшейе түседі, – деді Байгузина.

Баспахана жұмысшылары мен ескі техниканы жөндейтін мамандар да қиындыққа тап болуы мүмкін. Себебі өндірістік салалар жаңа технологияларға көшіп жатыр, ал ескі жабдықтарды қолдану барған сайын азаюда.

Ауыл шаруашылығына қатысты да өзгерістер күтілуде. Фермерлік пен агротехнологиялардың дамуы нәтижесінде дәстүрлі ауыл шаруашылығы әдістеріне сұраныс азаяды.

Бухгалтерия саласында да елеулі өзгерістер орын алады. Қазіргі таңда көптеген есеп жүргізу процесін арнайы бағдарламалар мен автоматтандырылған жүйелер атқара алады. Бұл әсіресе төмен білікті бухгалтерлерге қатысты.

Журналистика саласы да цифрлық трансформациядан тыс қалмайды. БАҚ-тың онлайн платформаға көшуі мен деректерді өңдеудің заманауи әдістерінің пайда болуы дәстүрлі журналистикаға деген сұранысты төмендетуі мүмкін.

Сирек кездесетін мамандық – жоғары жалақы кепілі емес

Экономистің айтуынша, кейбір мамандықтардың сирек кездесуі олардың жоғары жалақымен қамтамасыз етілетінін білдірмейді. Егер мамандық сирек болса, бірақ жоғары біліктілік талап етпесе, жалақы деңгейі өзгермеуі мүмкін.

Алайда жасанды интеллект, биоинженерия сынды салаларда жұмыс істейтін жоғары білікті мамандар үшін еңбекақы жоғары болып қала береді. Байгузина атап өткендей, заманауи нарық талаптарына сәйкес арнайы білім мен дағдыны қажет ететін кәсіптер болашақта аса сұранысқа ие және жоғары бағаланатын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мамандықтар #жойылу қаупі #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Азия чемпионатында велотректен екінші алтын медаль алды

Бүгін 17:21

Алматыда салынып жатқан әкімшілік ғимараттың шатыры өртенді

Бүгін 16:00

Қазақстанның бірқатар өңірінде көшкін қаупі әлі де жоғары

Бүгін 15:08

Қызылордада 121 адамды алдаған интернет-алаяқ сотталды

Бүгін 14:10

Испанияда эвтаназия құқығына қол жеткізген 25 жастағы қыз көз жұмды

Бүгін 12:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика