AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда жасалған күрделі төрт ота да сәтті аяқтал...

Алматыда жасалған күрделі төрт ота да сәтті аяқталды

Медицина 20.02.2025, 18:25 919 Нұржамал ӘЛІШЕВА
Алматыда жасалған күрделі төрт ота да сәтті аяқталды
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ

Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да Испания және Австрияның жетекші интервенциялық кардиологтардың жетекшілігімен аса күрделі оталар жасалды.

Шеберлік сабағы аясында еліміздің интервенциялық кардиологтарының қатысуымен Испания – Хосе Ф.Диас Фернандес және Австрияның – Аурель Тома сияқты жетекші интервенциялық кардиологтардың жетекшілігімен соңғы буын өздігінен кеңейетін клапан орнатуымен (Алматыда алғаш рет) TAVI операциялары және дәрі-дәрмекпен қапталған баллондарды қолдануымен күрделі араласулар жасалды.

Инновациялық TAVI әдісі қолқа қақпақшасының ашық хирургиясы кезінде асқынулар мен өлім қаупі жоғары ауыр қолқа стенозы бар науқастарға арналған. Оның бірегейлігі – әдістің инвазивті сипатында ғана емес, сонымен қатар имплантацияланған клапандарда. 

Транскатетерлі қолқа қақпақшасын имплантациялау жүйесі соңғы буын өздігінен кеңейетін клапаннан және икемді жеткізу жүйесінен тұрады. Навитор – өздігінен ашылатын жалғыз клапан. Бұл сипаттамалар имплантацияның оңтайлы тереңдігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Қайта жасалатын операциялар қаупі айтарлықтай төмендейді. Клапанның артықшылықтары - қауіпсіз операциялар жасауға, ең жақсы клиникалық нәтижелерге қол жеткізуге және пациенттің өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Екінші шеберлік класының қатысушылары коронарлық артериялардың зақымдануының күрделі жағдайларын емдеудің озық әдістерімен танысудың бірегей мүмкіндігіне ие болды.

Дәрі-дәрмек шығаратын баллондарды қолдану көрсеткіштерін кеңейту – жетекші интервенциялық кардиологияды трендтердің бірі. Егер бұрын олар негізінен рестеноздар үшін қолданылса, бүгінгі күні жақсы клиникалық нәтижелер беретін созылмалы окклюзиялар үшін тиімді қолданылады. Әлемдік медициналық зерттеулердің соңғы нәтижелері кейбір жағдайларда коронарлық стентсіз жасауға болатынын көрсетті.

«Біздің испандық және австриялық әріптестеріміз – әлемдегі ең танымал мамандар. Біз оларды инновациялық технологиялармен алмасуға шақырдық. Қазақстанның медицинасы әлемнің алдыңғы қатарлы клиникаларынан қалмай, заман ағымына сай ілгері жылжып келеді. Мұндай күрделі операцияларды хирургиялық әдістерді шеберлікпен меңгерген мамандар ғана жасайды. Бізде жоғары білікті мамандар мен қажетті құрал-жабдықтар бар», – деді басқарма төрағасы Марат Пашимов.

4 ота жасалды, барлығы сәтті өтті. Оның ішінде 84 жастағы науқас та бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #дәрігер #ота #Испания
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);