Алматыда жануарларға арналған жаңа қызмет іске қосылды

Алматыда жануарларға арналған жаңа қызмет іске қосылды Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына қарасты ШЖҚ «Алматы ветеринарлық қызмет» КМК иесіз және бұралқы жануарларға жедел ветеринарлық көмек көрсету қызметінің іске қосылғанын хабарлады.

Жаңа қызметтің негізгі мақсаты – шұғыл ветеринарлық көмекті қажет ететін төтенше жағдайларға жедел әрекет ету және зардап шеккен жануарларды ветеринарлық клиникаларға тасымалдау, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Қызметтің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті жабдықпен жарақталған екі арнаулы бригада құрылды. Жедел ветеринарлық көмекті қажет ететін негізгі жағдайлар мыналар:
•    ЖКО немесе құлау салдарынан болған ауыр жарақаттар;
•    Улану;
•    Асқынулар мен инфекцияларға әкелуі мүмкін жарақаттар мен шағулар;
•    Жедел аурулар, оның ішінде коллапс, жүрек-қан тамырлары жетіспеушілігі, тыныс алу бұзылыстары.

Ветеринарлық көмек қараусыз қалған иесіз және бұралқы жануарларға көрсетіледі. Жануарларды тасымалдау үшін қажетті құралдармен жабдықталған екі арнайы жүк көлігі пайдаланылады. Олар ұсақ жануарларға арналған торлармен, зембілдермен, алғашқы медициналық дәрі-дәрмектермен, таңу материалдарымен және диагностикалық құралдармен жабдықталған.

Жедел ветеринарлық көмек қызметінің байланыс нөмірлері: 8 708 595 64 04, 338 27 59, Алматы қаласының Бірыңғай қызметі – 109.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:10

15:05

14:52

14:47

14:32

14:26

14:13

13:47

13:27

13:00

12:57

12:44

12:40

12:37

12:34

11:31

11:26

10:55

10:53

10:36

10:27

10:12

10:09

09:59

09:51