Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда полицейлер жол қауіпсіздігі туралы әлеуме...

Алматыда полицейлер жол қауіпсіздігі туралы әлеуметтік роликтерді таратты

Заң мен тəртіп 21.02.2025, 15:10 1,124
Алматыда полицейлер жол қауіпсіздігі туралы әлеуметтік роликтерді таратты
Сурет: Polisia.kz

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жаңа технологияларды кеңінен қолдану – заман талабы.

 Осыны ескере отырып, Алматы қаласының полициясы құқық бұзушылықтардың және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында әлеуметтік роликтер, сюжеттер мен репортаждар әзірлеуге ерекше назар аударады, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл медиа өнімдер кейіннен теледидар экрандарынан көрсетіліп, интернет-порталдарда, полиция департаментінің ресми аккаунттарында жарияланады, сондай-ақ әлеуметтік желілер арқылы кеңінен таратылады. 

- Жол қозғалысы қауіпсіздігі тақырыбында әзірге үш бейнеролик дайындалды. Олар жолдағы қауіпті жағдайларға ықпал ететін және көбінесе ірі жол-көлік оқиғаларының себебіне айналатын ережебұзушылықтардың жиі кездесетін түрлерін қамтиды. Сонымен қатар бұл бейнематериалдар барлық жастағы көрермендерге арналған, – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

 Спикердің айтуынша, жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының саны жыл сайын артып келеді. Бұл – қоғам үшін алаңдатарлық жағдай. - Жол қозғалысына қатысушылардың әрқайсысы, ең алдымен, өз қауіпсіздігін ойлап, жол ережелерін қатаң сақтауы тиіс. Балалар үлкендердің іс-әрекетін қайталайтындықтан, ересектер оларға дұрыс үлгі көрсетуі қажет. Сол себепті әрбір ата-ана өзіне де, баласына да қауіпсіз орта қалыптастыруға мән беруі керек. Біз жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы мәдениетін сақтауға шақырамыз, – деп атап өтті Асхат Құлбаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #полицейлер #әлеуметтік роликтер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Бүгін 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Бүгін 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика