Ерекше жандар қоғамға қажетті маман болуға лайық

Ерекше жандар қоғамға қажетті маман болуға лайық Алматы технология және флористика колледжі

Мемлекет басшысы жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалау қажеттігін айтты және де жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттауды ұсынып отыр. 

Бүгінде еліміздегі өнеркәсіптің негізгі салаларында мамандар тапшылығы айқын білінеді. Қазіргі қоғамда көптеген жастар кеңседе жұмыс істеуге немесе кәсіпкер болуға ұмтылады. Дегенмен, жұмысшы мамандықтары әрқашан сұранысқа ие екенін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.

Техникалық мамандарды даярлауда кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының үлесі зор. Солардың бірі Алматы технология және флористика колледжі жыл сайын 400-дей жұмысшы маманды оқытып, еңбек нарығына қажет білікті мамандар дайындап шығарады. Колледжде ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер де білім алады. Аталмыш колледж алғашқылардың бірі болып 1993 жылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерді «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу», «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер», «Бақ-саябақ шаруашылығы», «Жиһаз өндірісі», «Аяқ-киім ісі» мамандықтары бойынша оқытып, білікті мамандар дайындай бастайды. Қазіргі таңда «Инклюзивті білім беру»  бөлімінде 211 студент оқып жатса, 173 студент арнайы топта, 38 студент инклюзивті топта оқиды.

«Инклюзивті білім беру» бөлімінде білікті мамандар студенттердің сапалы білім алуына, таңдаған мамандықтарын игеруіне деген барлық кедергілерді жойып, қоғамдық ортаға әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз етіп отыр. Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар даярлау, студенттердің құзыреттілігін арттыру мақсатында колледж педагогтары қалалық Білім басқармасының қолдауымен Германия, Қытай, Италия, Голландия, Оңтүстік Корея, Түркия мемлекеттерінің оқу орындарында болып, халықаралық тағылымдамадан өтіп қайтты. Олар осылайша кәсіби біліктіліктерін арттырады.

Тақырыпқа орай

 Анарбек НҰРЫМБЕТОВ, Алматы технология және флористика колледжінің директоры:

                                                Үздіктер сапындамыз

Қазіргі таңда колледждің материалдық-техникалық базасы нығайып, модернизациялау жұмыстары жүріп жатыр. Колледж «Жас маман» жобасы аясында еліміздегі «Ең үздік 180 колледждің» бірі атанды. Сонымен қатар, «100 сұранысқа ие мамандық» байқауына қатысып, «Тігін өндірісі және киімді үлгілеу» мамандығы бойынша білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесіне еніп отыр.

Алматы қаласының әкімдігі мен Алматы қаласы Білім басқармасының инвестор тартуының нәтижесінде «Алтын сапа ALM» ЖШС колледждегі ерекше білім беруді қажет ететін студенттерге заманауи үлгіде соғылған оқу ғимараты салынып, онда оқу ғимаратына кіру, шығу пандустары, шақыру нүктелері, лифт-көтергіш, арнайы жолақтар бар, мұнда Брайл шрифтімен тақтайшалар арқылы кедергісіз жүріп-тұруға жан-жақты жағдай жасалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:25

17:51

17:46

17:39

17:25

17:18

17:02

16:49

16:35

16:27

16:14

15:37

15:27

14:50

14:49

14:25

14:06

13:31

13:05

12:58

12:51

12:46

12:37

12:27

12:25