AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / + 870 коды неге қауіпті?

+ 870 коды неге қауіпті?

Әлеумет 21.02.2025, 10:55 1,069
+ 870 коды неге қауіпті?
Сурет: Astanatv.kz

Бұл теңізде, әуеде және шалғай аймақтарда байланыс үшін қолданылатын Inmarsat спутниктік байланысына тиесілі код.

Мемлекеттік техникалық қызмет (МТҚ) қазақстандықтарға +870 кодынан басталатын нөмірлерден түсетін қоңырауларға байланысты үндеу жасады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz

МТҚ мәліметінше, +870 телефон коды теңізде, әуеде және шалғай аймақтарда байланыс үшін қолданылатын Inmarsat спутниктік байланысына тиесілі.

“Дегенмен, алаяқтар мұндай нөмірлерді алдау мақсатында белсенді пайдаланады, себебі олар қазақстандық нөмірлерге ұқсас”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, алаяқтар Inmarsat-тың басқа да ұқсас кодтарын қолдануы мүмкін:

+870 – желіге жалпы кіру коды (SNAC);

+871 – Атлант мұхиты, шығыс бөлігі (AOR-E);

 +872 – Тынық мұхиты аймағы (POR);

 +873 – Үнді мұхиты (IOR);

+874 – Атлант мұхиты, батыс бөлігі (AOR-W).

Айта кетейік, +870 телефон коды жалпы қолданыстағы код болып табылады және қоңыраулардың қай спутник арқылы жасалып жатқаны белгісіз болған кезде қолданылады. Алайда SNAC Inmarsat-A терминалдарына қоңырау шалуды қолдамайды.

“Белгісіз +870 және басқа да осындай кодтары бар нөмірлерге қайта қоңырау шалмаңыз! Жеке деректеріңізді, SMS кодтарын және банк карталарыңыздың мәліметтерін ешкімге хабарламаңыз. Егер сізден осындай нөмірлер арқылы код немесе басқа да ақпарат сұралса, бұл – алаяқтықтың анық белгісі. Ешқашан жеке ақпаратыңызды бермеңіз”, – деп ескертті МТҚ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#код #мтқ #870
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);