Олар базар, саябақ, дәмхана және басқа да қоғамдық кеңістіктер аумағында орнатылмақ, деп хабарлайды aqshamnews.kz
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматыда электр зарядтау станцияларын орнату үшін 311 жер телімі бөлінді.
Әр учаскеде отандық инвесторлар екі паркоместке есептелген, қуаты 60 кВт-тан басталатын бір қуаттау бекетін орнатады. Жоспар жүзеге асса қалада 622 жаңа паркоместр пайда болады.
Әкімдік өкілдерінің есебіне сәйкес, бір учаскеге инвестор кем дегенде 10 млн теңге жұмсайды. Бұл ретте аккумуляторлық батареяны зарядтаудың 1 киловаты 100 теңгеден аспайды.
Учаскелер инвесторларға 4 жыл мерзімге берілді.
"Қуаттау бекетін қала тұрғындарының жаппай жүретін базар, саябақ, кафе және басқа да қоғамдық кеңістік аумағында орнату жоспарланып отыр.
Барлық станция биыл жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі.
Бүгінгі таңда Алматыда жеке аумақтарда 300-ден астам қуаттау бекеті орнатылған.
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2025 жылдың 1 сәуірінде Алматыда 8 385 электромобиль тіркелген. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда олардың саны 1,5 есе өсті.