Көрші тыныштық бермесе, не істеу керек? Заңгер кеңесі

  • 10:09, 22 мамыр 2025
Көрші тыныштық бермесе, не істеу керек? Заңгер кеңесі Жасанды интеллект

Көршілер шулап, олардың жөндеу жұмысы бітпей жатса, не істеуге болады? Заңгер Данияр Байғабатов Tengrinews.kz-ке жауап берді, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

— Үй астындағы ұйқы бермейтін бар немесе кафені қалай жабуға болады?

— Мекеме тарапынан санитарлық, өртке қарсы немесе қоғамдық тәртіпке қатысты бұзушылықтар болған жағдайда ғана оны жабуға болады. Алдымен нақты жағдайларды тіркеу қажет. Тексеру кезінде уәкілетті органдар ережелердің өрескел бұзылғанын анықтаса, объектінің қызметін тоқтату немесе жабу туралы нұсқама бере алады.

— Аулаға шлагбаумды заңды түрде қалай орнатуға болады?

— Шлагбаумды орнатуға болады, бірақ бірқатар шарт сақталуы керек. Біріншіден, үй маңындағы аумақ кондоминиум ретінде тіркелуге тиіс. Егер ол уәкілетті органда тіркелмеген болса, тұрғындар ортақ мүлікке қатысты шешім қабылдай алмайды. Тіркеуден кейін және басқару түрі — МИБ (ОСИ) немесе басқарушы компания құрылған соң тұрғындар дауыс беру арқылы шешім қабылдай алады. Негізгі шарт — шлагбаум жедел қызметтердің өтуіне кедергі келтірмеуі керек, техникалық тұрғыда жарамды болуы және тек үй маңындағы аумақта орнатылуға тиіс. 

— Көршінің жөндеу жұмысы бетпей жатса, не істеуге болады?

— Заң бойынша жөндеу бір күні аяқталуға тиіс. Бірақ жөндеу кезінде қоғамдық тәртіп жүйелі түрде бұзылса, учаскелік полицейге жүгіну немесе 102 нөмірі арқылы полиция шақыру қажет. Бұзушылық расталған жағдайда жауапкершілік қарастырылады. Маңыздысы: күндіз шу шығаратын жұмыс істеуге тыйым салынбаған.

Егер жөндеу кезінде тірек қабырғаны рұқсатсыз бұзу сияқты құрылымдық өзгерістер жүргізілсе, бұл — заңбұзушылық. Мұндайда сәулет және қала құрылысы басқармасына шағымдану қажет.

— Аулада микроавтобустың тұрғанына көп болды. Қойма ретінде пайдаланылады. Оны алып тастауға немесе эвакуациялауға бола ма?

— Иә. Полицияға өтініш жазу қажет, көліктің иесіз және жүріп-тұруға кедергі келтіретінін көрсету керек. Полиция қызметкерлері иесін анықтауға тырысады. Иесі табылмаса, көлік арнайы тұраққа эвакуациялануы мүмкін.

— Көршім үй салып жатыр, бірақ жер телімі шекарасына қойылатын арақашықты сақтамайды. Қала құрылысын бақылау комитеті жауап бермейді. Не істеу керек?

— Алдымен комитетке ресми шағым жолдау керек. Егер жауап болмаса немесе әрекет етілмесе, жоғары тұрған органдарға шағымдану немесе сотқа жүгініп, әрекетсіздікті заңсыз деп тануды және шара қолдануды талап ету керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:14

14:10

12:58

12:55

12:52

12:48

12:43

12:38

12:24

12:06

11:52

11:45

11:37

11:29

10:30

10:14

10:10

10:09

10:09

09:14

21:04

19:53

18:26

17:58

17:42