AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Педагогтар халықаралық фестивалге қатысуға мүмкінд...

Педагогтар халықаралық фестивалге қатысуға мүмкіндік алады

Не? Қайда? Қашан? 22.05.2025, 10:14 829 Bakyt
Педагогтар халықаралық фестивалге қатысуға мүмкіндік алады
aqshamnews.kz

«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025»  республикалық байқауы жарияланды

 

Байқауға еліміздің барлық өңіріндегі мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері қатыса алады. Жеңімпаздар ТМД елдері арасында өтетін Педагогикалық шеберлік халықаралық фестиваліне қатысуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, байқау нәтижелері педагогтерді аттестаттау кезінде ескеріледі.

Конкурсқа келесі 7 бағыт бойынша жұмыстар қабылданады:

1.      Оқу сауаттылығы

2.      Математикалық сауаттылық

3.      Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық

4.      Цифрлық сауаттылық

5.      Экологиялық сауаттылық

6.      Мәдениетаралық сауаттылық

7.      Қаржылық сауаттылық

Жыл сайын ұйымдастырылатын бұл байқаудың шарттарына биыл ішінара өзгерістер енгізілді. Енді өңірлік кезеңнен өту үшін бейнематериал әзірлеу міндетті емес. Алдымен жұмыс мазмұны мен өзектілігі жазбаша түрде негізделеді. Ал республикалық кезеңге өткен соң, педагогикалық идеяны бейнематериал ретінде ұсыну қажет.

Байқау талаптары:

• Әрбір қатысушы тек бір бағыт бойынша бір жұмыс ұсына алады;

• Жұмыс авторлық әдістемелік идеяны қамтуы тиіс;

• Материал басқа конкурстарға қатыспаған, еш жерде жарияланбаған, үшінші тұлғалардың авторлық құқықтарын бұзбайтын және Қазақстан заңнамасына сай болуы тиіс. Үздік материалдар республикалық «Үздік педагогикалық практикалар» базасына енгізіледі. Жұмыстарды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынуға болады. Конкурстың өңірлік кезеңіне қатысуға өтінімдер https://ppi.orleu-edu.kz сайтында 1-маусым – 1-қыркүйек аралығында қабылданады. Қосымша ақпарат алу үшін «Өрлеу» БАҰО облыстық филиалдарына, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларындағы филиалдарға хабарласуыңызға болады.

К.Бесирова,

«Өрлеу» Алматы облысы

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #білім #өрлеу #шеберлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37

Алматы тұрғындары құрамында сынабы бар 480-ден астам шам мен құрылғыларды қайта өңдеуге тапсырды

Бүгін 15:51

«Ұлттық ұлан – патриотизм мен батылдық мектебі»: 5571 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті

Бүгін 14:44

Мемлекет басшысы Олжас Сүлейменовті құттықтады

Бүгін 14:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);