Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Баланың жазуына қарап мінезін тануға бола ма?

Баланың жазуына қарап мінезін тануға бола ма?

Керек кеңес 22.05.2025, 14:14 755
Баланың жазуына қарап мінезін тануға бола ма?
Сурет: автор

Графология — жазу ерекшелігі арқылы адамның мінезін, ойлау қабілетін, ішкі дүниесін тануға тырысатын ғылым. Әсіресе бала жазуына қарап, оның кейбір қасиеттері жайлы алғашқы әсер алуға болады.

БАТЫРЫП ЖАЗУ

Қаламды қатты басып жазатын бала — батыл, шешімді тез қабылдайтын, тәуекелшіл болуы мүмкін.

Ал әлсіз, көрінер-көрінбес жазу — ұяң, өзіне сенімсіз, тұйық мінездің белгісі.

ӘРІПТЕРДІҢ КӨЛЕМІ

Ірі әріптер — ашық мінезді, көпшіл, жаңа таныстықтан қорықпайтын балаға тән.

Ұсақ әріптер — тұйық, жалғыздықты ұнататын, ұстамды балаға тән.

ӘРІПТЕРДІҢ ФОРМАСЫ

Дөңгеленген әріптер — мейірімді, жұмсақ, кішіпейіл мінездің көрінісі.

Сүйір, үшкір әріптер — эмоциясын жасыратын, өзімшіл, тік мінезді білдіруі мүмкін.

КАЛЛИГРАФИЯ

Ұқыпты, таза жазу — тәртіпті, жинақы балаға тән.

Түсініксіз, бейберекет жазу — аса белсенді, энергиясы көп, кейде зейін шоғырландыруы қиын балаға тән болуы мүмкін.

БІРГЕ НЕМЕСЕ БӨЛЕК?

Әр әріпті бөлек жазатын бала — интуицияға бейім.

Әріптерді жалғай жазатындар — логикаға сүйенетін, жүйелі ойлайтындар.

ПЕССИМИСТ НЕМЕСЕ ОПТИМИСТ?

Әріптері жоғары өрлей жазылған бала — оптимист.

Төмен қарай жазылса — пессимистік көзқараста болуы мүмкін.

Түзу жазу — шынайы, реалист көзқарасты білдіреді.

ҚАҒАЗДА КӨП ОРЫН ҚАЛДЫРА МА?

Дәптердің әр бұрышын толық пайдаланатын бала — ұқыпты, жинақы.

Жолдар арасында кеңістік қалдыратындар — еркін, ашық мінезді болады.

Жазуға қарап мінезді тану қызықты әрі пайдалы. Бірақ мұндай бақылауды баланың көңіл күйі жақсы, денсаулығы қалыпты кезде жүргізу керек. Шаршаған немесе қарны аш бала қаламды баспай жазуы мүмкін, бұл нәтижеге әсер етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жазу #графология #бала #мінез
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Алатау-Ақпарат» пен «Қызылжар-Ақпарат» арасында меморандумға қол қойылды

Бүгін 18:16

Алматы мен Үндістан бизнес және инвестициялық байланысты күшейтпек

Бүгін 18:01

Алматыдағы Сәтбаев көшесі халықаралық стандарттарға сай жаңартылады

Бүгін 17:42

Алматылық спортшы Түркияда өткен халықаралық турнирде жүлдегер атанды

Бүгін 17:32

Астанада Перизат Қайратқа тиесілі болған көлік аукционға қойылды

Бүгін 16:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика