Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Алматыда дәстүр мен заманды ұштастырған көрме ашыл...

Алматыда дәстүр мен заманды ұштастырған көрме ашылды

Не? Қайда? Қашан? 12.05.2025, 13:35 787
Алматыда дәстүр мен заманды ұштастырған көрме ашылды
aqshamnews.kz

Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде қазақ өнеріндегі мал шаруашылығының символизмін көрсететін ерекше көрме өтті. «Qunart: қазақ өнеріндегі қой бейнесінің тарихы» экспозициясы дәстүр мен заманауилықты шебер ұштастыра отырып, Қазақстанның мал шаруашылығы мен мәдениетіне назар аудартатын Qunar+ реалити-шоуының лайықты жалғасы іспетті. 

Көрме – қазақ халқының өміріндегі ең маңызды тақырыптардың бірі мал шаруашылығын визуалды түрде бейнелейтін бірегей жоба. Қой шаруашылығы көшпелі халық үші ғасырлар бойы басты кәсіп болды, ал шексіз дала мен жартылай шөлейт жайылымдар қой өсіруге өте қолайлы жағдай жасады. Бұл кәсіп ата-бабамызды етпен, жүнмен, сүтпен, терімен қамтамасыз етіп қана қоймай, осы өнімдерді көршілес отырықшы халықтармен айырбастауға да мүмкіндік берген. 

Көркем жобаның басты ерекшелігі – Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің қорындағы бірегей коллекциясымен жұмыс істеу болды. Көрменің кураторы Оля Веселова музей қорында сақталған туындыларды мұқият зерттеді. Нәтижесінде көрмеге сирек қойылатын әрі көрермен назарына жиі іліге бермейтін шығармалар таңдалды. Олардың қатарында Әбілхан Қастеев, Анарбек Нақысбеков, Константин Плюхин, Сахи Романов, 

Әбдірашит Сыдыханов, Ғани Баянов, Бақыт Бәпишев, Айша Ғалымбаева, Молдахмет Кенбаев, Жанатай Шарденов және басқа да суретшілердің туындылары бар.

Сонымен қатар, көрмеге Айжан Бекқұлова, Шамиль Гулиев, Бақыт Бүбіқанова, Алмагүл Меңлібаева, Саид Атабеков, Сәуле Дюсенбина, Мұратбек Тұрбай, Әнуар Мүсірепов, Ләйлә Жарқын сынды қазіргі заманғы отандық суретшілер де қатысқан.

«Qunar» жобасы арқылы біз фермерлік пен ауыл тұрмысына жаңаша бағытта қарау өткеннің емес, болашақтың ісі екенін көрсеткіміз келеді. Qunar+ реалити-жобасын қазақ тілінде жасағанымыз да сондықтан. Ата-бабамыздың дауысы өз тілімізде шынайы естіліп, бүгінгі ұрпаққа күш берсін дейміз. Qunar реалити-жобасының идеясын қолға алғанда бізді бір статистика қатты ойландырды: 1990 жылы Қазақстанда 9,8 миллион ірі қара мен 36 миллион ұсақ мал болған. Қазір бұл көрсеткіш – 8,5 пен 21 миллион ғана. Бұл жай сандар емес, бұл бізге ой салатын, әрекетке итермелейтін шындық. Біз болашақты ойласақ, бүгіннен бастауымыз керек, – дейді  «Qunar Creative» қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушы және жоба жетекшісі Ақерке Татишева.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Qunar #Көрме #Ақерке Татишева
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік: Алматыда мәдениет саласының өкілдері сенбілікке белсенді қатысты

Бүгін 16:55

Алматылықтар «Желтоқсан» саябағында сенбілікке қатысты

Бүгін 14:45

Болашақтың саясында өткен мереке: Алматыда «Тамырлас» жобасы басталды

Бүгін 14:19

ІІМ басшысы Сәденов Алматыдағы жол апатына қатысты бірқатар мәлімдеме жасады

Бүгін 14:15

Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын насихаттауға арналған 2026–2028 жылдарға арналған жоспарды бекітті

Бүгін 14:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика