AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Марат Пашимов: Мейіргерлік күтім – сапалы және қау...

Марат Пашимов: Мейіргерлік күтім – сапалы және қауіпсіз медициналық қызмет көрсетудің негізі 

Медицина 12.05.2025, 13:33 825 Нұржамал ӘЛІШЕВА
Марат Пашимов: Мейіргерлік күтім – сапалы және қауіпсіз медициналық қызмет көрсетудің негізі 
aqshamnews.kz

12 мамырда бүкіл әлемдегі мейіргерлер өздерінің кәсіби мерекесін – Халықаралық мейіргерлер күнін атап өтеді. Медициналық ұйымдардың қызметін дәрігерлердің ғана емес, пациенттердің де бас көмекшісі болып табылатын мейіргерсіз елестету мүмкін емес.  

«Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының барлық мейіргерлері жылы лебіздер мен шынайы алғыс сөздерге лайық. Мейіргерлердің жұмысы дәрі-дәрмектерді беру немесе өмірлік маңызды көрсеткіштерді тексеру ғана емес, олар пациенттің қалпына келу процесінің әр кезеңінде де жанынан табылады. Мейіргерлік күтім – сапалы және қауіпсіз медициналық қызмет көрсетудің негізі. Мейіргерлердің денсаулық сақтау жүйесіндегі рөлі клиникалық дағдыларды, көшбасшылықты, бейімделуді және эмоционалды тұрақтылықты қажет ете отырып, одан әрі артып отыр», – дейді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасы Марат Пашимов.

Аталмыш институттағы мейіргерлер – әр пациентке уақытылы және жан-жақты көмек көрсететін клиникалық топтың ажырамас мүшелері. Олардың өз ісіне адалдығы күнделікті өмірде ғана емес, сонымен қатар пациенттердің қажеттілігін қалай болжайтындығында және медициналық көмектің ең жоғары стандарттарын сақтауында көрінеді.

Мысалы, 2024 жылы JCI аккредиттеуден қайта өту кезінде халықаралық сараптама комиссиясының аудиторлары клиниканың дәрігерлерінің және де мейіргерлерінің кәсіби біліктілігінің жоғары әлеуетін растады. JCI стандарттары бойынша ұйымдағы барлық бөлімше мен процестер бағаланды: дәрігер мен мейіргерлік күтімнен бастап ғимараттың қауіпсіздігіне, инфекциялық бақылауға, дәрі-дәрмекпен жұмыс істеуге, пациенттің құқықтарын сақтауға дейін. Аудиторлар мейіргерлер мен дәрігерлердің тиімді топтық жұмысын атап өтті.

Мейіргер – бұл жанашырлық пен адалдыққа негізделген денсаулық сақтау саласының ерекше нәзік, бірақ күшті жақтарының бірі. Ол – адамзатты сауығуға жетелейтін аяулы жан. 

"Біздің миссиямызға сәйкес, институттың қызметі денсаулық сақтау жүйесінің ғылым, білім мен практикасының үштұғырлығы қағидаты шеңберінде жүзеге асырылады.  Осы тұрғыда, мейіргер мамандарына үздіксіз білім беру шеңберінде біз медицинадағы заманауи стандарттар мен жаңа технологияларды ескере отырып, формальды/формальды емес оқыту бағдарламаларын енгізудеміз, сондай-ақ пәнаралық өзара іс-қимыл және командалық жұмыс дағдыларын дамытудамыз. Мейіргер ісінің әртүрлі салаларындағы сарапшылардың қатысуымен пациенттерге күтім жасаудың және заманауи медициналық құрылғыларды пайдаланудың жаңа әдістемелері бойынша тренингтер, семинарлар мен шеберлік кластарын өткіземіз. Мейіргерлер кәсіптік аурулардың алдын алу және созылмалы науқастарға күтім жасау мәселелері бойынша үздіксіз біліктілігін арттыруда. Оларды симуляциялық тренингтер арқылы практикалық даярлау қамтамасыз етіледі. Мұндай шаралар мейіргерлердің кәсіби деңгейін арттыруға, денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы талаптарына сәйкес медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға ықпал етеді", – деді М.Пашимов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мейіргер #адам #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);