Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 2030 жылға қарай туристерді тартудың жаңа...

Алматыда 2030 жылға қарай туристерді тартудың жаңа орындары құрылады

Әлеумет 12.09.2022, 08:08 961
Алматыда 2030 жылға қарай туристерді тартудың жаңа орындары құрылады
Сурет: Almaty.tv

2025 жылға қарай Алматыға 450 мың шетелдік туристер келеді деп күтілуде.



Алматы қаласын 2025 жылға дейін және орта мерзімді перспективаларды 2030 жылға дейін дамыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде, 2030 жылға қарай Алматыда нөмірлік қорды халықаралық қонақүй желілерін тарту және отельдер құрылысын салу есебінен 3 есеге кеңейту жоспарланып отыр,деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бүгінде «Tenir Eco Hotel» эко-отелі, «Qazaq auyl» глэмпингі және «Medeu Park Hotel» отелі екінші фазасының құрылысы жүргізілуде. Аталған жобалардың жалпы құны 15,3 млрд. теңге жеке инвестицияны құрайды.


Сондай-ақ, қалада туризмді дамыту үшін, жаңа тартымды орындар - 2024 жылы шамамен 48 млрд теңге жеке инвестиция тартыла отырып, заманауи өнер мұражайы құрылады, 2025 жылға дейін алаңы 70 мың шаршы метрді құрайтын халықаралық деңгейдегі іс-шараларды өткізуге арналатын Конгресс-орталығының және 11 мың көрерменге арналатын мультифункционалдық концерт холлының құрылысы басталады.


Көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында 2024 жылы Алматы Халықаралық әуежайы жаңа терминалының құрылысы аятқталады деп күтілуде, бұл өткізу қабілеттілігін 7 миллион адамнан  14 миллион адамға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Жеке инвестиция көлемі шамамен 100 млрд. теңгені құрайтын болады. Қосымша ретінде, туристердің болжамды ағымын ескере отырып, қаланың көшелік-жол желілерін және агломерацияны жаңарту жүргізілетін болады, «P+R» («Park and Ride» – «Көлікті қой және Өте бер») қағидаты бойынша тұрақтарды тоқтату жүйесі енгізілетін болады.


2023 жылы Алматыда халықаралық деңгейде 20 іс-шара, 2025 жылға қарай олардың санын  30-ға дейін арттыра отырып, өткізу жоспарланып отыр. Мысалы, Алматыны 2025 жылға дейін гастрономиялық орналасу ретінде танымалдығын арттыру мақсатында, жергілікті мекемелерді Michelin Guide, The World’s 50 Best Bars и Asia's 50 Best Restaurants рейтингілеріне енгізу мәселесі пысықталатын болады. Бұдан басқа, кезең-кезеңмен қайта құра отырып және "ЦСКА"-ның тау шаңғысы базасын,  «Шымбұлақ» және «Бутаковка» демалыс орындарын кеңейте отырып, Алматы тау кластерін құру ұсынылып отыр, бұл шамамен 150 млрд. теңге жеке және мемлекеттік инвестицияларды тартуды қажет етеді. Нәтижесінде, шаңғы тебуге арналған трассаның жалпы ұзындығы 6 еседен аса, яғни 25 км-ден 159 км-ге дейін өсетін болады.


2025 жылға қарай Алматыға 450 мың шетелдік туристер келеді деп күтілуде, бұл туристік көрсетілетін қызметтер экспортынан алғанда, 260 млрд. теңге табыс әкеледі. ал 2030 жылға қарай көрсетілетін қызмет экспорты 550 млрд. теңгеге дейін арта отырып, 1 млн. адамға дейін өседі. "Алматы қаласын 2025 жылға дейін және орта мерзімді перспективаларды 2030 жылға дейін дамыту" Бағдарламасын жүйелі түрде іске асыру туризмнің келесі: тау, MICE, оқиғалы, спорттық, гольф, Арт, Wellness және т.б. бағыттары бойынша жоғары қосылған құнымен туристік кластер құруға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #туризм #жоспар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түркістан әуежайына 14 млн теңге айыппұл салынды

Бүгін 17:47

1870-тен астам диқан егіс жұмыстарына ерте қаржыландыруға қол жеткізді

Бүгін 17:35

Қазақстандық ғалымдар сейсмикалық қауіпсіздікке арналған отандық технологияны сынақтан өткізіп жатыр

Бүгін 17:24

Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен телефон арқылы сөйлесті

Бүгін 17:12

Қазақстанда күн күрт суытады: кей өңірлерде -40 градусқа дейін аяз болады

Бүгін 17:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі