Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 163 мектеп-лицейі Ұлттық киімге бір күн а...

Алматыда 163 мектеп-лицейі Ұлттық киімге бір күн арнады

Әлеумет 10.11.2023, 10:14 2,250
Алматыда 163 мектеп-лицейі Ұлттық киімге бір күн арнады
almaty-akshamy.kz

Қазақы нышандағы киімдерді кию дәстүрін Медеу ауданында орналасқан 163 мектеп-лицейі дәстүрге  айналдыруда, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Қазақ үлкенге-құрмет, кішіге ізет көрсетіп, салтын сақтаған, дәстүрін ұлықтаған ел. Сонау ықылым заманнан сақталған небір салт-дәстүрі, ән-жыры, өзіне лайық киімі болған. Көңілі даладай дархан, құшағын өзге ұлт өкілдеріне де айқара ашатын халқымызды ерекшелеп тұратын — сол киімдері.


Әсемдікке, әдемілікке жаны құмар халқымыз киімнің көзтартарлық болғанына  аса қатты мән берген. Киімнің әрбіріне «қазақ» екендігімізді айқындай түсуі үшін түрлі оюлар салып тіккен. Оюдың жасалуына, өрнегіне қарап әрқайсысына ат берген.



Мысалы: арқар мүйіз, қошқар мүйіз, ай сырға сынды ою түрлері бар. Өздері көшпелі қазақ атанып, таудан сырға, сырдан қырға көшіп жүрсе де, үстінен оюлы шапаны мен саптама етігін, басынан оюлы киіз қалпағын тастамаған. Қыздарымыз оюмен әдіптелген бүрмелі етек көйлегіне сай қамзол киіп, шашына да оюлы шолпы тағып, күлкілері сыңғырлап қазақ қызына тән сыпайылықпен киінген. 



Соңғы жылдарда қазақша киімдерді тігу және кию кеңінен етек алып келеді. Сәнді үлгідегі қазақша киімдерді әсіресе тойларда, концертттік бағдарламаларда киетін болса, қазір жас қыздар оюлы тақия, келіндеріміз қазақы нышандағы көйлек-қамзолдарды киіп көпшіліктің көзайымына айналып жүр.


Әрбір аптаның жұма күнін «Ұлттық киім кию күні» деп атады. Оқушылар да, мұғалімдер де ұлттық киімде жүруі—өте керемет көрініс.




- Ұлттық киім киюге арнайы күн арнап, оны дәстүрге айналдырудағы мақсатымыз-оқушылардың бойына  білім нәрімен қоса, ұлтқа, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілікті қоса егу. Бала кезінен үстіне қазақша оюлы киімді киіп өскен әрбір жас ұрпақ болашақта елін, жерін сүйіп, дәстүрін ұмытпайтын азамат боларына сеніміміз мол. Біздің мектебімізде ұлт жанашырлары өсіп келе жатқаны  біз үшін үлкен мақтаныш, - дейді мектеп әкімшілігі.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мектеп #киім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26

Сағындық Тоғамбай Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін 16:55

Тегеран АҚШ-тың мәлімдемесіне жауап қатты

Бүгін 15:27

Гимнаст Ақмарал Ерекешева Франциядағы Гран-при турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 12:33

Атырау облысында бір топ жігіт полицейлерге шабуыл жасады

Бүгін 11:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика