AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Студентке не қажет?..

Студентке не қажет?..

Білім және ғылым 10.11.2023, 10:21 1,799
Студентке не қажет?..
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасына сәйкес, Алматы қаласының 2025 жылға дейінгі даму бағдарламасында студенттердің толыққанды жағдайын қамтамасыз ету үшін қалалық оқу орындарында білім беру, тұру және студенттерге қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған әдістемелік ұсыныстар әзірлеу міндеті қойылған болатын.


Аталған бағытта Алматы қаласы әкімдігінің жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Оқу орындарында студенттердің оқу, өмір сүру және оларға қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу»  жобасы жүзеге асуда, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Осы ретте, 9 қарашада Алматы қаласында аталған жоба аясындағы алғашқы дөңгелек үстелдің отырысы өтті. Кездесуде үкіметтік емес ұйымдар, сарапшылар қауымдастығы, қоғамдық пікір көшбасшылары, жергілікті депуттар мен университет проректорлары өз ойларын ортаға салып, сарапшылар зерттеу нәтижелерінің аралық қорытындысын талқылады.



Алматы қаласының мәслихат депутаты Әсия Ақанованың айтуынша, бұл бастама еліміз бойынша алғаш рет Алматы қаласында қолға алынуда. Басты мақсат 35 университет шоғырланған мегаполис үшін ортақ әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу және стандарттарды бекіту.



 «Мысалы, жоғарғы оқу орнында студент үшін қандай жағдай жасалуы қажет? Студенттік жатақхана қандай стандарттарға сай болуы шарт? Мүмкіндігі шектеулі студенттер үшін инклюзивті ортаны қалай қалыптастырамыз деген сұрақтардың жауабын іздеп, біріңғай құжат қабылдайтын боламыз. Жоба нәтижесі сәтті болған жағдайда, бұл бастаманы республика бойынша жүзеге асыруға болады деп ойлаймын. Бастысы университет басшылығы осы әдістемелік ұсынымдарды қабылдауға әзір болуы шарт», - деді депутат.



Айта кетсек, осы уақытқа дейін жобалық фронт-офистің ұйымдастыруымен 40 эксперттің басын қосқан 5 фокус-топ отырысы, 60 респондент арасында анкеталық сауалнама, қазіргі таңда 500 респондентті қамтитын сауалнама жүргізілуде. Алдағы уақытта тағы 4 дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылатын болады.  Бүгінгі күннің өзінде жоба аясында 150-ден астам ұсынымдар келіп түсті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Студент #жатақхана #университет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);