AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы қаласы «Теңдік уақыты!» дүниежүзілік науқан...

Алматы қаласы «Теңдік уақыты!» дүниежүзілік науқанына қосылды

Әлеумет 24.11.2022, 05:29 1,442
Алматы қаласы «Теңдік уақыты!» дүниежүзілік науқанына қосылды
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы қаласы ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы дәрігерлерінің қатысуымен брифинг өтті.


Арнайы іс-шара Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орайластырылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Алматы қаласы ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының профилактикалық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Альмира Заурбекова мегаполисте 21 қараша – 1 желтоқсан аралығында «Теңдік уақыты!» ұранымен онкүндік өтуде. Бұл іс-шара  ЮНЕЙДС ұйымының бастамасымен  өтуде. Жалпы, халықтың, әсіресе, жастардың АИТВ жұқпасының алдын алу, оны жұқтырып алмау мәселелері бойынша ақпараттық деңгейін көтеру үшін бәрі жасалып жатыр.



 «Алғашқы жағдайдың тіркелгеніне қырық жылдан астам уақыт өтсе де, АИТВ жұқпасы әлі күнге ауқымды қатерлердің бірі болып отыр. «Теңдік уақыты!» ұраны — бұл іс-әрекетке шақыру. Ол барлығымызды ЖИТС-ті жоюға қажетті тексерістен өткен тәжірибелік шараларды іске асыруға жетелейді. Олардың ішінде: көмекке мұқтаж әрбір жанның қажеттілігінің қамтамасыз етілуі, яғни АИТВ-жұқпасын емдеу, тексерілу және алдын алу үшін қолжетімділік пен сапаның және артуы», - деді А.Заурбекова. 



Науқан күндері Алматы қалалық ЖИТС орталығының медицина қызметкерелері қауымдастықтар мен қоғамдық үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып, халықтың АИТВ жұқпасы туралы ақпараттық деңгейін арттыруға бағытталған әртүрлі шараларды ұйымдастырып, өткізеді.


АИТВ жұқпасына тексерілуден өтудің және берілу жолдары туралы ақпараттылықты жоғарылату мақсатында ЖИТС орталығының мамандары медицина қызметкерлері мен заң қызметкерлеріне, педагогтар мен әскери және қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлеріне, аутри-қызметкерлерге арнап семинарлар мен тренингтар өткізеді. С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің студенттері арасында «АИТВ және стигма/дискриминация» тақырыбына пікірталас жоспарланды. Бизнес-құрылым өкілдері арасында ақпараттық материалдарды тарата отырып, АИТВ-ға тесттен өткізу акциясы ұйымдастырылады. 


 Білімді арттыру, сондай ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға деген стигма және дискриминация  жағдайларын болдырмау мақсатында арнай орта білім орындарының студенттері арасында «Қауіпсіздік марафоны» атты QUIZ ойыны, сонымен қатар сенім пункттерінің медбикелері арасында «Дискриминацияға жол жоқ!» тақырыбында креативті шарлар челленджін ұйымдастыру жоспарланып отыр.


Еліміздегі сияқты, Алматы қаласында да АИТВ жұқпасы ауру таралуының шоғырланған сатысында. Қалада 15-49 жас аралығында АИТВ инфекциясының таралу деңгейі 0,44 пайызды құрайды, болжам бойынша - 0,57.  


Қалада жыл сайын халықтың 16-17 пайызы АИТВ-ға тестілеуден өтеді (шамамен 350 мың зерттеу). Нормативтік-құқықтық құжаттар негізінде Қазақстан Республикасында құпия медициналық тексерілудің сапалы әрі қолжетімділігі кепілдендіріледі. АИТВ статусын арнайы тест тапсыру арқылы ғана білуге болады. Әрбір адам тұрғылықты жері бойынша емханада немесе ЖИТС орталығында АИТВ-ға тесттен тегін өте алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #науқан #ЖИТС
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жаңбыр жауып, дауыл соғады: бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін 10:20

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аясында 40-тан астам мәдени іс-шара өтті

Бүгін 09:42

Алматыда «Бірлік жүгірісі» атты неондық жүгіру өтті

Бүгін 09:23

Алматыда Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай гастрономиялық жәрмеңке ұйымдастырылды

Кеше 18:18

Эндокринолог денсаулыққа зиян тіскебасар түрін атады

Кеше 17:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика