ffin.kz

Алматыда АИТВ-ның қандай жолдармен жұғатыны айтылды

Алматыда АИТВ-ның қандай жолдармен жұғатыны айтылды Сурет: Almaty-akshamy.kz

АИТВ жұқпасын емдеу және алдын алу мәселелеріне әрдайым көп көңіл бөлінеді.


Алматы қаласы ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы бас дәрігерінің орынбасары Альфия Денебаева Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингке қатысты. Ол соңғы жылдары жалпы ел бойынша, сондай ақ мегаполисте де АИТВ-ның жыныстық жолмен берілу жағдайларының 2013 жылғы 63%-дан 2022 жылы 77,9%-ға дейін көбейгені байқалған. Инъекциялық есірткі қолдану арқылы берілу 15%-ды құрайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



  «Біздің елімізде АИТВ-инфекциясын емдеу және алдын алу мәселелеріне әрдайым көп көңіл бөлінеді. АИТВ-ның тиімді алдын алу, диагностикалау, емдеу және күтіміне қол жетімділікті кеңейтудің арқасында инфекция созылмалы аурулар санатына өтті. Қазіргі уақытта АИТВ-ны емдеу диагноз қойылғаннан кейін бірден басталады және ол тегін беріледі. 2022 жылғы 1 қазанындағы жағдай бойынша ЖИТС орталығында диспансерлік есепке 4109 адам тіргелген, жыл сайынғы өсім 10-11%-ды құрайды, анықталған жағдайлардың төрттен бір бөлігі еліміздің басқа аймақтарынан келген азаматтар.  Антиретровирустық терапияны 3688 АИТВмен өмір сүретін адам қабылдайды (АӨА) (бұл есепте тұрғандардың 91,2% және АӨА болжамды санының санының 83%), АРТ тиімділігі 86% құрайды», - деді статистикалық мәліметтер келтірген Альфия Денебаева.



Маңызды бағдарламалық әрекеттердің бірі АИТВ-ның анадан балаға берілуінің алдын алу болып табылады. АИТВ-ға оң нәтиже көрсеткен жүкті әйелдің профилактикалық ем қабылдауы дені сау баланың туылуын қамтамасыз етеді. Жүкті әйелдерді «әйелдер кеңесінде» АИТВ-ға екі рет жоспарлы тексеруден өткізеді, бұл алдын алу іс-шараларын уақтылы бастауға мүмкіндік береді. 2020 жылдан бастап жүкті әйелдердің жыныстық серіктері де АИТВ-ға тестілеуден өтуде.


Сондай-ақ дәрігердің айтуынша, эпидемиямен күресу және инфекцияның жаңа жағдайларын азайту үшін халықтың жұқтыру қаупі жоғары топтарына көп көңіл бөлінуде.



 «Инъекциялық есірткі қолданушылар арасында парентеральді берілудің алдын алудың тиімді шараларының бірі «зияндылықты азайту» бағдарламасы болып табылады. Зияндылықты азайту - бұл есірткі қолданудың жағымсыз салдарын азайтуға бағытталған, яғни АИТВ, туберкулез, вирустық гепатит сияқты аурулардың берілуін азайтудың кешенді шаралары. Осы бағдарламаны іске асыру аясында қалалық емханаларда 19 сенім пункті мен 5 достық кабинеттері жұмыс істейді», - деді Альфия Денебаева.



Қала аумағында осындай іс-шараларды өткізуге үкіметтік емес ұйымдар көмек көрсетеді.


Жоба аясында басқа елдерде және басқа жобаларда өзінің тиімділігін дәлелдеген модельдер енгізілуде. Заманауи сандық технологияларды қолданудың инновациялық модельдердің бірі АИТВ- тесттерін онлайн-тапсырыс беру, бұл АИТВ-ны жұқтыру қаупі туындаған адамдар үшін өзін-өзі тестілеу жасау үшін өте тиімді. Тестті Алматы қ. ЖИТС орталығының сайтында hivtest.kz. сілтемесі арқылы тапсырыс беруге болады. АИТВ-ны жұқтыру қаупі жоғары адамдар үшін контактіге дейінгі профилактика тиімді енгізілуде. Алматы қаласында контактіге дейінгі профилактика (КДП) бойынша аймақтық HUB құрылды, оның базасында Қырғызстан, Тәжікстан, Ресейдің ЖИТС орталықтары мен ҮЕҰ өкілдері оқытылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04