AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы кітапханалары: КРЕАТИВТІ ЖОБАЛАР ЖҮЙЕСІ енг...

Алматы кітапханалары: КРЕАТИВТІ ЖОБАЛАР ЖҮЙЕСІ енгізілуде

Барлығы 08.08.2024, 09:05 1,696 akshamnews.kz
Алматы кітапханалары: КРЕАТИВТІ ЖОБАЛАР ЖҮЙЕСІ енгізілуде
Алматы әкімдігі

Алматыда 2030 жылға дейін тағы 20 жаңа кітапхана ашылады. 

Бұл ретте жоспар қаланың кітапхана тапшылығы бар шалғай аудандарына бағытталатын болады, деп хабарлайды akshamnews.kz

Сонымен қатар, саябақтарда, скверлерде және сауда орталықтарында кітапхана павильондары  ашылатын болады. Осылайша, Алматы біздің елімізде мұндай рухани  жобаны жоспарлап ұсынуға дайын алғашқы қала болып отыр. 

Бұл орайда Мәдениет басқармасында кітапхана саласы мен басқа да шығармашылық шешімдер туралы айтылды. БАҚ өкілдері үшін кітапханалар бойынша баспасөз туры ұйымдастырылды. Айта кетейік, биыл Алматы кітапханалары  40 жылдығын атап өтуде.
Қазір мәдени астанамыз Алматыда 28 қалалық кітапхана бар. Оның ішінде үш филиал тәулік бойы жұмыс істейді. Оқырмандар үшін қолайлы жағдайлар жасалған: кітап қоры үнемі жаңартылып отырады. Мұнда жылдам тегін интернет жұмыс істейді, компьютерлер, жұмыс үстелдері бар. 
Сонымен қатар, көру қабілеті нашар және зағип оқырмандар кітапханалардың арнайы қызметтерін пайдалана алады. Ол үшін «Брайль» пернетақталары, арнайы экрандық үлкейткіштер және сканерлер бар. Олар кітаптардың мазмұнын бірден «брайльға» аударуға көмектеседі.

«Біз қаламыздың зағиптар қоғамымен, сондай-ақ түрлі инклюзивті ұйымдармен тығыз ынтымақтастық жасаймыз. Сонымен қатар, балалардың кітап оқуға деген ынтасын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ол үшін тегін тіл үйірмелерін, геймификация элементтері бар түрлі іс-шараларды ұйымдастырамыз, зиялы тұлғаларды, өнер  жұлдыздары мен қаламгерлерді шақырамыз. Бізде барлығы 140 үйірме бар. Жалпы, қалалық кітапханалардың 95% - ы жаңғыртудан өтті. Әрбір кітапханамыз балалар мен ересектер үшін жан-жақты даму орталығы болып табылады. Осының арқасында қалалық кітапханаларға келушілер саны жыл сайын 3 миллионнан кем емес", - деп атап өтті Алматы қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Мейрам Бектембаев.

Қаланың орталықтандырылған кітапхана жүйесіндегі кітап қоры 1 300 000 данадан асады, оның 18% - ы толығымен цифрланған. Сонымен қатар, кітап каталогы ОКЖ сайтында орналастырылған және барлық оқырманға қолжетімді. Сондай-ақ, қазіргі уақытта мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін үйге кітап жеткізу қызметі тестілеуден өтіп жатыр.

Баспасөз туры барысында журналистер кітапхана қызметкерлерімен жүздесіп, түрлі филиалдарға барып, қорда сақталған басылымдармен танысты. № 10 кітапхана меңгерушісі Надежда Тен кітапханалардың халықаралық ынтымақтастығы туралы айтып берді.  Алматы кітапханашылары биыл Швейцария, Германия, Жапония, Оңтүстік Корея және Грузияның жетекші кітапханаларында біліктілігін арттырудан өтті. 

«Кітапханашылардың біліктілігін арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында қызметкерлеріміз әлемнің жетекші білім беру орталықтары мен кітапханаларына тағылымдамадан өтуге және оқуға жіберіледі. Мен өзім Оңтүстік Кореяда тағылымдамадан өттім. Біз Старфилд, Намсан сияқты әйгілі кітапханаларға, сондай-ақ университет пен балалар кітапханаларына бардық. Келгеннен кейін  алған барлық білімімізді салыстырып, өз әсерлерімізбен бөлістік. Шетелде алған идеяларымыз бен білімдерімізді Әкімдік қалалық кітапханаларға енгізе бастады. Бұл керемет»,- деді  ол.
Қазір қалалық кітапханаларда автоматтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйе іске қосылды, оны енгізу нәтижелі мүмкіндіктерге жол ашты. Мәселен, электрондық оқырман билетін беру, оқырмандардың сұраныстарын өңдеу, қажетті әдебиеттерді іріктеу, тапсырыс беру және резервтеу, кітаптарды автоматтандырылған режимде беру және қайтару, кітапханалық-ақпараттық технологияларды кешенді автоматтандыру жүйелері іске қосылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #кітапхана #креатив
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37

Алматы тұрғындары құрамында сынабы бар 480-ден астам шам мен құрылғыларды қайта өңдеуге тапсырды

Бүгін 15:51

«Ұлттық ұлан – патриотизм мен батылдық мектебі»: 5571 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті

Бүгін 14:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);