AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімі - Сейсмология орталығы әлемдік станда...

Алматы әкімі - Сейсмология орталығы әлемдік стандарттарға сай болуы тиіс

Әлеумет 23.05.2024, 14:57 711 Almaty-akshamy.kz. 
Алматы әкімі - Сейсмология орталығы әлемдік стандарттарға сай болуы тиіс
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданына жұмыс сапары  барысында Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының ғимаратына барып, мекеменің материалдық-техникалық базасымен танысты, проблемалық мәселелерді тыңдады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Орталық қызметінің негізгі бағыты -  бүкіл ел аумағының сейсмикалық қауіптілігін бағалау және сейсмологиялық мониторинг жүргізу. Ғылыми орталықтың директоры Дәулет Сәрсенбаев 1986 жылы салынған орталық ғимаратында ешқашан күрделі жөндеу жүргізілмегенін, жабдықтардың басым бөлігі ескіргенін, сондай-ақ кадрлар тапшылығын  тұрғанын атап өтті.  Мегаполис әкімі қалада сейсмикалық қауіпсіздікті арттыру мақсатында төтенше жағдайлардың алдын алудың заманауи технологияларын қолдана отырып, азаматтық қорғаудың барлық құрылымдарының өзара іс-қимылы күшейтілетінін атап өтті.

«Біз ғимаратты қала бюджеті есебінен жөндеу туралы шешім қабылдадық. Сондай-ақ ғылыми зерттеулерге шамамен 2 млрд.теңге бөлінеді, бұл еңбекақы төлеу қорын ұлғайтуға, шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасуға, жаңа кадрлар тартуға мүмкіндік береді. Бұл орталық қала үшін ғана емес, бүкіл ел үшін өте маңызды, сондықтан ол әлемдік стандарттарға сай болуы тиіс», - деді Ерболат Досаев. 

Қазіргі уақытта сейсмологиялық бақылаулардың Республикалық желісі (РССН) Қазақстанның 12 облысында және Алматы қаласында орналасқан 70 сейсмикалық станция мен бақылау пункттерінен тұрады.

Станцияларда 160 түрлі өлшем бойынша сейсмикалық, геофизикалық, гидрогеологиялық, бақылаулар жүргізіледі. Сезілетін жер сілкінісі жағдайында кезекшілер жедел режимде оның параметрлерін анықтайды: сілкініс уақыты, эпицентрдің координаттары, жер сілкінісінің класы немесе оның магнитудасы.

Анықтама үшін Ғылыми орталық орналасқан ғимарат 1986 жылы салынған. Айта кетерлігі, Орталық ҚР ТЖМ «Сейсмология институты» ЖШС мен ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция» ЖШС-ні біріктіру жолымен қайта құру нәтижесінде құрылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы #геофизикалық #гидрогеологиялық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);