AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының таза ауасы: кәуапханалар мен моншаларды...

Алматының таза ауасы: кәуапханалар мен моншаларды бақылау барысы

Әлеумет 18.12.2025, 17:58 636 yakiya
Алматының таза ауасы: кәуапханалар мен моншаларды бақылау барысы
Алматы әкімдігі

Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша Алматы қаласының аумағында шекті рұқсат етілген шығарындылардың (ШРШ) жиынтық томын жасау барысында тағам дайындау мен жылыту үшін қатты отын пайдаланатын 509 қоғамдық тамақтану нысаны (кәуапхана) және 81 коммерциялық монша анықталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz 

Басқарма өкілдері көппәтерлі тұрғын үйлерде және өзге де ғимараттарда орналасқан қоғамдық тамақтану нысандарында қатты отын пайдалануға қоғамдық тамақтану орындарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес тыйым салынғанын еске салды. Сонымен қатар қала аумағында мангалдарды пайдалану және монша салу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы тіркеліп отыр. Бұл азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп қана қоймай, атмосфералық ауаның қосымша ластануына әкеледі.

Осыған байланысты 2025 жылы 27 қарашадан бастап «Eco Almaty» ЖШС қызметкерлері қатты отын пайдаланатын нысандарды бақылау жұмыстарын жүргізіп келеді. Аталған жұмыс аясында 182 қоғамдық тамақтану нысанының иесімен және 39 монша иесімен газ жабдығына көшу, сондай-ақ шығарындыларды тазалау жүйелерін орнату қажеттілігі бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді. Сонымен қатар 23 қоғамдық тамақтану нысанында көріктендіру қағидаларын бұзу фактілері анықталды.

Заңбұзушыларға қатысты Полиция департаментінің құзыреті аясында шаралар қабылданып, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша хаттамалар толтырылды. Сондай-ақ материалдар уәкілетті органдарға – Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне, Төтенше жағдайлар департаментіне (ТЖД) және Экология департаментіне жолданды.

Бұдан бөлек, Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті көзге көрінетін түтін шығарындыларымен қатар қызметіне байланысты 12 кәуапханаға жоспардан тыс тексеру жүргізді. Соның нәтижесінде 10 экологиялық құқық бұзушылық фактісі анықталып, 7 нұсқама берілді, 2 материал сотқа жолданды. Жалпы сомасы 1 887 360 теңге болатын 8 әкімшілік шара қолданылды.

Бақылау жұмыстары жалғасып келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кәуапхана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

1 шілдеден бастап Алматыда мүгедектігі бар адамдар үшін жаңа нысандардың қолжетімділігіне бақылау күшейтіледі

Кеше 18:59

Алматыдағы қолжетімді орта: тексерулер қорытындысы бойынша 2 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

Кеше 18:54

ҚазҰУ мен Журналистика академиясының бірлескен отырысы өтті

Кеше 17:53

Алматылық дәрігерлер 9 жастағы баланы ажалдан арашалап, бүйрегін сақтап қалды

Кеше 17:29

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ми институты ашылды

Кеше 16:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);