AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналғ...

Алматыда Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған қалалық ғылыми конференция өтті

Барлығы 19.12.2025, 12:45 708 dulatbekova
Алматыда Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған қалалық ғылыми конференция өтті
Сурет: Айшат Айболқызы

Алматы қаласында халық қаһарманы, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай «Халық қаһарманы – Б.Момышұлы: ерлік мектебі, әдеби мұра және рухани әлем» тақырыбындағы қалалық ғылыми конференция өтті.

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы мен Бауыржан Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен өткен іс-шара «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Конференцияның негізгі мақсаты – тұлғасы мен болмысы бөлек батырдың өшпес мұрасын жас ұрпақ санасына сіңіру, елін сүйген ер тұлғасын насихаттау, ұлттық рух пен патриоттық құндылықтарды кеңінен дәріптеу.

Шара Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Салтанатты шарадан кейін оқушылар «Жас Бауыржаншылар» қатарына қабылданып, конференцияның ашылуы мерекелік концертпен жалғасты.

Конференция барысында педагогтар Бауыржан Момышұлының мұрасын білім беру мен тәрбие үдерісінде тиімді қолдану әдістері жөнінде баяндама жасап, зерттеу жұмыстарын таныстырды. Ұстаздар батыр өнегесін тәрбие жұмысының темірқазығы ретінде қарастырып, оны жас ұрпақтың азаматтық болмысын қалыптастырудағы маңызды рухани ресурс ретінде атап өтті.

Сонымен қатар оқушылар Бауыржан Момышұлы мұрасының заманауи қоғамдағы орны мен батыр тұлғасының жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына арналған шығармашылық және зерттеу еңбектерін ұсынды.

Марапаттау рәсімі барысында батырдың көзін көрген замандастары мен қоғам қайраткерлері жас буын алдында сөз сөйлеп, Бауыржан Момышұлының өмір жолы мен ерлікке толы болмысы туралы тағылымды естеліктерімен бөлісті. Қоғам қайраткері Оралжан Масатбаев Жақауұлы Бауыржан Момышұлы мұрасының бүгінгі қоғам үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтті:

«Еліміз Әділетті Қазақстан идеологиясы аясында жаңа беталысқа қадам басты. Сол бетбұрыстың рухани өзегінде Бауыржан Момышұлының мұрасы тұр. Батырдың өмір жолы мен тағылымы әділдікке, шындық пен ақиқатқа негізделген. Бұл құндылықтар Абайдан бастау алып, әл-Фараби мен Бауыржан Момышұлы сынды ұлы тұлғалардың мұраларымен сабақтасып жатыр. Бүгінгі конференцияда ұсынылған баяндамалардың барлығы қазіргі білім беру жүйесі үшін аса өзекті әрі қажетті. Батыр мұрасын ұлықтауға бағытталған осындай тағылымды іс-шара үшін ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін», – деді ол.

Бауыржан Момышұлы – тек соғыс қаһарманы ғана емес, ұлт руханиятының берік тірегі. Батырдың қалдырған өнегесі мен әдеби-рухани мұрасы уақыт өткен сайын жаңа қырынан ашылып, бүгінгі және келешек ұрпаққа бағыт-бағдар беретін құндылық ретінде өз маңызын сақтай бермек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Бауыржан Момышұлы #ғылыми конференция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);