AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / "Ана - ғұмырдың бояулы жалғасы" атты мәдени іс-шар...

"Ана - ғұмырдың бояулы жалғасы" атты мәдени іс-шара өтті

Мәдениет 18.12.2025, 18:03 396
"Ана - ғұмырдың бояулы жалғасы" атты мәдени іс-шара өтті
сурет: автордан

Алматы облысы, Райымбек ауылдық округіндегі «Анаға құрмет» музейінде 13 желтоқсан күні қылқалам шебері Жанұзақ Мүсәпірдің анасы Ұлжамал Мамытқызының 100 жылдық мерейтойына арналған "Ана – ғұмырдың бояулы жалғасы" атты мәдени іс-шара өтті, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.

Мерейтойлық кешке Қазақстанның танымал қоғам қайраткерлері мен мәдениет өкілдері қатысты, олардың арасында Сенат депутаты Ғалиасқар Сарыбаев, Мәжіліс депутаты Керімбек Болат, Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев, Жетісу облысының Мәдениет басқармасының басшысы Қуаныш Сүлейменов сияқты тұлғалар болды. Сондай-ақ елімізге белгілі қоғам және мәдениет қайраткерлері, мүсінші, БАҚ өкілдері Сәт Тоқпақбаев, Сайлау Батыршаұлы, Омархан Өкісікбаев, Ләззат Сүлеймен, Сәуле Досжан, Алик Шпекбаев, Нұржан Жалауқызы сынды өзге де жақсы-жайсаңдар қатысты.

Жиынның басты мақсаты - ана бейнесін ұлықтау, отбасылық құндылықтарды насихаттау және Жанұзақ Мүсәпірдің шығармашылығын көпшілікке таныстыру. Бұл кеш барысында Ұлжамал Мамытқызының өмірі мен қоғамдағы орны сөз болып, оның ұлағатты тәрбиесі мен қоғамға қосқан үлесі ерекше атап өтілді. Шара аясында көрме, шығармашылық кездесу және тұсаукесер сияқты бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.

Арнайы көрме мен жаңа кітаптың тұсаукесері

Кеш аясында Жанұзақ Мүсәпірдің шығармашылығымен танысу үшін «Менің анам — Ұлжамал» атты арнайы портреттер көрмесі ұсынылды. Бұл көрме тек Ұлжамал Мамытқызының бейнесін ғана емес, барша қазақ аналарына қойылған рухани ескерткіш ретінде маңызға ие болды. Сонымен қатар, Жанұзақ Мүсәпірдің «Өмір – Сыры» атты кітабының тұсаукесері өтіп, ана рухына тағзым етілді.

Шара барысында өнер, тарих және руханият тоғысқан бағдарламалар ұсынылды. Қонақтар суретші Жанұзақ Мүсәпірмен шығармашылық кездесу өткізіп, оның өмір жолы мен өнеріндегі ғұмырлық тәжірибесі жайлы сыр шертті. Келген қонақтар Жанұзақ Мүсәпірдің туындыларымен танысып, суретшінің қазақ мәдениетіндегі орны мен маңызын бағалады.

Құттықтаулар мен естеліктер

Шарада ҚР Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Жетісу және Алматы облыстарының әкімдері құттықтауларын жолдап, Ұлжамал Мамытқызының 100 жылдық мерейтойы еліміз үшін айрықша мәні бар рухани оқиға екенін атап өтті. Ұлжамал апамыздың ұрпақ тәрбиесіндегі орны мен оның ұлттың болашағына қосқан үлесі туралы сөз сөйледі. 

Жанұзақ Мүсәпірдің өнердегі орны

Жанұзақ Мүсәпір — қазақ өнерінің дамуына зор үлес қосқан тұлға. Ол өзінің қылқалам шеберлігімен, қазақтың рухани мәдениетін жаңғыртуда айрықша рөл атқарды. Оның шығармалары бүгінде әлемнің көптеген елінде қойылған. Сонымен қатар, Жанұзақ Мүсәпірдің тележурналистика саласындағы жетістіктері де зор. «Алматы», «Рахат ТВ», «Хабар», «Ұлттық арна», «Білім және Мәдениет» телеарналарындағы басшылық қызметі арқылы отандық медианы дамытуға маңызды үлес қосты.

Жанұзақ Мүсәпірдің шығармашылығында ана мен ұлт тақырыбы ерекше орын алады. Оның өнерінде ана бейнесі - ұлттық құндылықтарды сақтаудың символы ретінде бейнеленген. Ұстаз ретінде Жанұзақ Мүсәпір талай шәкірт тәрбиелеп, өнер жолына қаншама дарынды жас маман шығарды. Бұл да оның өмірлік қызметінің айрықша мәнін көрсетеді.

Аталмыш іс-шара анаға деген құрметтің жарқын көрінісіне айналды. Ұлжамал Мамытқызының 100 жылдығы - қазақ халқының ұлттық құндылықтарын ұлықтауға қосылған үлкен үлес. Шараның маңызы тек ананың рухын ұлықтауда ғана емес, қазақ өнері мен мәдениетінің мәнін сақтауда да көрініс тапты. Бұл іс-шара ұлттық тәрбиенің маңыздылығын тағы да дәлелдеп, ұрпақ сабақтастығын нығайтуға зор үлес қосқан ерекше оқиға болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мәдениет #әдебиет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қала қауіпсіздігі басты назарда: Наурыз қарсаңында алматылық ұландықтардыңавтопаркі заманауи техникамен толықты

Бүгін 21:14

Алматыда көктемгі әскерге шақыру басталды

Бүгін 19:27

Тоқаев: ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек

Бүгін 17:52

Алматыда “Батамен ел көгерер” атты батагөйлер байқауы өтті

Бүгін 17:29

Құндылықтар мен қолдау: отбасы арқылы экстремизм мен зорлық-зомбылыққа тосқауыл

Бүгін 17:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика