AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Пиротехникалық бұйымдарды заңсыз қолданудың 90 дер...

Пиротехникалық бұйымдарды заңсыз қолданудың 90 дерегі анықталды

Заң мен тəртіп 19.12.2025, 11:50 1,056
Пиротехникалық бұйымдарды заңсыз қолданудың 90 дерегі анықталды
Сурет: Polisia.kz

Жаңа жыл мерекесі кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтық пиротехникалық бұйымдарын жеке және заңды тұлғалардың белгіленген талаптарды сақтауын бақылау мақсатында "Пиротехника" шарасы өтуде, – деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Polisia.kz мәліметінше, шараны өткізу үшін 1 мыңнан астам бірлескен рейдтік топ құрылды, олар 2 мыңнан астам рейдтік іс-шара өткізді.

 – Іс-шара барысында пиротехникалық бұйымдардың айналымы қағидаларын бұзудың 90-ға жуық дерегі анықталды. Оның ішінде тауарлар немесе өзге де заттарды заңсыз сату бойынша 84 дерек және елді мекендерде әрі арнайы бөлінбеген орындарда пиротехникалық бұйымдарды қолдану арқылы азаматтардың тыныштығын бұзу бойынша 5 дерек тіркелді. Құқық бұзушылардан 705-тен астам дана және 100-ге жуық қорап сертификатталмаған пиротехникалық өнім тәркіленді. Қауіпсіздік мақсатында пиротехникалық бұйымдарды тек осы қызмет түріне тиісті лицензиясы бар мамандандырылған дүкендерден және стационарлық сауда павильондарынан ғана сатып алу қажет. Пиротехниканы, яғни петардалар, фейерверктер, бенгаль оттарын сатып алу кезінде сатушылардан өнімге сәйкестік сертификатын талап ету керек. Әрбір пиротехникалық бұйымда мемлекеттік және орыс тілдерінде қолдану жөніндегі толық нұсқаулықтың болуы міндетті. Нұсқаулықпен танысқан кезде сақтау мерзіміне ерекше назар аудару қажет. Егер өнімнің мерзімі өтіп кеткен болса, оны пайдалануға қатаң тыйым салынады. Мереке күндеріңіз қауіпсіз болсын. Қауіпсіздік - қарапайым қағидалар сақталған жерден басталады, – деді ҚР ІІМ ӘПК-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#пиротехникалық бұйымдар #заңсыз қолдану #деректер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов: Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған ауқымды құрылыс бағдарламасы өнеркәсіп кооперациясын дамытуға елеулі серпін береді

Бүгін 22:30

Мемлекет басшысы AI & Digital Bridge – 2026 халықаралық форумында сөз сөйледі

Бүгін 21:01

Қазақстандық кәсіпорындардың инновациялық шешімдері «ИННОПРОМ. Беларусь» халықаралық өнеркәсіптік көрмесінде таныстырылды

Бүгін 21:01

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ делегациясын қабылдады

Бүгін 20:15

Азия ойындарының жүлдегерлері мен қатысушылары Алматыға оралды

Бүгін 20:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);