AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда әскерге шақырылатын азаматтар үшін жаңа қ...

Алматыда әскерге шақырылатын азаматтар үшін жаңа қалалық жинау пункті ашылды

Барлығы 19.12.2025, 10:51 549 dulatbekova
Алматыда әскерге шақырылатын азаматтар үшін жаңа қалалық жинау пункті ашылды
Сурет: Gov.kz

Салтанатты ашылу рәсіміне Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов, әкімдік пен қоғам өкілдері, Қарулы күштердің ардагерлері, сондай-ақ жергілікті әскери басқару органдарының қызметкерлері қатысты, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Жаңа командаларды қалыптастыру пункті азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізуге арналған. Бұл маңызды оқиға алдағы бір жыл Ұлттық ұлан құрамында қызмет ететін 45 жас сарбаздың Ақтау қаласына аттануымен тұспа-тұс келді.

Бас штаб бастығы генерал-лейтенант С. Қамалетдинов қатысушыларды маңызды оқиғамен құттықтап, жастардың Отанына қызмет ету жолының дәл осы жинау пунктінен басталатынын атап өтті.

– Жаңа инфрақұрылымдық жобаны іске қосу барлық шақыру рәсімдерін ашық, түсінікті және ең бастысы – азаматтарға ыңғайлы етуге бағытталған. Мұнда шақырылатын азаматтарға толық ақпарат алу, тиісті рәсімдерден өту үшін барлық жағдай жасалған. Бұл жаңа нысан қоғам мен армия, мемлекет пен жастар, бүгін мен болашақ арасындағы маңызды байланыс буынына айналады деп сенемін, – деді Бас штаб бастығы.

Жинау пункті сапалы, әрі ашық жұмыс істеу үшін барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұнда медициналық тексеру кабинеттері, психологиялық іріктеу бөлмелері, күту және ақпараттандыру аймақтары, акт залы, спорт залы мен асхана бар. Барлығы шақырылатын азаматтар мен қызметкерлер үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Жаңа жинау пунктінің ашылуы мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды арттырып, азаматтардың құқықтарын сақтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ оларды әскери бөлімдерге жіберу процесін бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.

Ұйымдастыру және қызмет көрсету деңгейі бойынша үлгі болатын бұл пункт армияны толықтыру жүйесінің маңызды элементіне айналмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әскерге шақырылғандар #қалалық жинау пункті
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

7 және 9 мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Бүгін 12:29

АҚШ-та жазушы Мұхтар Мағауиннің бейітінің басына құлпытас қойылды

Бүгін 12:19

Нұраділ Әлжан Тәжікстандағы Grand Slam турнирінде қола жеңді

Бүгін 11:59

Алматыда бірнеше көшеде жарық уақытша өшеді

Бүгін 11:47

Алматыда тауда кәмелетке толмаған қыздар адасып кеткен

Бүгін 11:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);