AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Жаратылыстану-математикалық бағыттағы республикалы...

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы республикалық олимпиаданың жеңімпаздары анықталды

Білім және ғылым 23.05.2024, 14:42 928 dulatbekova
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы республикалық олимпиаданың жеңімпаздары анықталды
Сурет: Gov.kz

Астанада 7-8 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша республикалық олимпиада аяқталды.

Оған еліміздің барлық аймақтарынан 314 оқушы қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Барлығы 138 марапат сарапқа салынды: бірінші орын - 28, екінші орын – 45 және үшінші орын – 65.

«Сіздер күрделі тапсырмаларды шешуде нағыз шеберлік пен білімдеріңізді көрсеттіңіздер. Бүгінгі жеңістеріңіз білім жолында жаңалықтар ашатын ұзақ та қызық жолдың бастамасы болсын. Ғылым мен білім әлемінде алдағы уақытта да табыстар, жаңа биіктер мен ұмытылмас сәттер тілеймін», - деді марапаттау рәсімінде «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғаждембек Тұрсынов.

Олимпиада қорытындысы бойынша үздік олимпиадалық командалар марапатталды:  

III орын – «РФММ» КеАҚ, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары;

II орын – Алматы қаласы мен Павлодар облысы;

I орын – Астана қаласы, Ақтөбе мен Түркістан облыстары.

Бас жүлдені Назарбаев Зияткерлік мектептері командасы жеңіп алды. 

Айта кетсек, 7-8 сынып олимпиаданың бастапқы кезеңіне 95 282, облыстық кезеңге 9 599 оқушы қатысты. Бұл көрсеткіштер жарыстың жоғары деңгейін және олимпиаданың маңыздылығын көрсетеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жаратылыстану-математикалық бағыт #олимпиада #жеңімпаз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Кеше 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Кеше 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Кеше 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Кеше 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Кеше 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);