Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы агломерациясында қалдықтардан отын өндіріле...

Алматы агломерациясында қалдықтардан отын өндіріледі

Әлеумет 12.09.2022, 08:37 1,370
Алматы агломерациясында қалдықтардан отын өндіріледі
Сурет:Мetalspace.ru

Бұл туралы «Алматыны 2025 жылға дейін дамыту және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар» бағдарламасында айтылған.


Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданының Ақбастау ауылында 1,1 млрд теңгеге жаңа полигон, сондай-ақ Талғар ауданының Ават ауылында 725,6 млн теңгеге және Қонаев қаласында 522,2 млн теңгеге кешенді қоқыс тиеу алаңдарын салу жоспарлануда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Іле ауданының ҚТҚ полигонында қалдықтарды сұрыптау желісінде биогаз алу үшін қуаты жылына 120 мың тонна Wasteenergykazakhstan ЖШС қазақстандық-испандық компаниясымен бірлесіп, «Мериолизис» технологиясы бойынша толық циклді қоқыс өңдеу зауытын салу жоспарланған. Инвестицияның жалпы көлемі-41,8 млн евро.


Алматыда 2025 жылға дейін биологиялық ыдырайтын қалдықтарды жинау және қайта өңдеу ұйымдастырылады, сондай-ақ тамақ қалдықтарын жинау және қайта өңдеу кезең-кезеңімен енгізіледі.


Borossa түрік компаниясымен бірлесіп электр энергиясын алу арқылы қалдықтарды газдандыру технологиясын енгізу мәселесі қарастырылуда.


Инвестициялаудың болжамды сомасы – 30 млн евро.



Қалдықтарды басқарудың барлық үйесінің тиімділігін арттыру үшін 2030 жылдың соңына қарай инвесторлардың 10 млн евро қаржысы есебінен RDF (Refuse-derivedfuel) қазбалы отынды ішінара ауыстыру мақсатында цемент зауыттары үшін экспортталмайтын қалдықтардан отынның балама түрін өндіру зауытын пайдалануға енгізу жоспарлануда.



Бұл шаралар қалдықтарды бөлек жинауды кезең-кезеңімен енгізу және экомәдени деңгейін арттыру есебінен 2030 жылға қарай қалдықтардың пайда болу көлемін 10%-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ қатқыл тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу 2025 жылы 32%-ға, RDF өндірісін ескере отырып, 2030 жылы 60%-ға жетеді. Бұдан басқа, ҚТҚ тасымалдауды басқару жөніндегі бірыңғай серверлік орталықты енгізу барлық ҚТҚ-ды 100% жинау мен тасымалдауды онлайн режимінде күнделікті бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.


Алматы агломерациясында қалдықтарды басқару жүйесі бойынша интеграцияланған өзара іс – қимылдың нәтижесі ретінде агломерацияда қалдықтарды кәдеге жаратудың толық циклді утилизациялау арқылы қайталама шикізатты қабылдаудың бірыңғай пункттерінің санын 2023 жылы 60 бірлікке дейін, 2024 жылы 80 бірлікке дейін, 2025 жылы 100 бірлікке дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қалдық #отын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түркістан әуежайына 14 млн теңге айыппұл салынды

Бүгін 17:47

1870-тен астам диқан егіс жұмыстарына ерте қаржыландыруға қол жеткізді

Бүгін 17:35

Қазақстандық ғалымдар сейсмикалық қауіпсіздікке арналған отандық технологияны сынақтан өткізіп жатыр

Бүгін 17:24

Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен телефон арқылы сөйлесті

Бүгін 17:12

Қазақстанда күн күрт суытады: кей өңірлерде -40 градусқа дейін аяз болады

Бүгін 17:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі