Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Александр Братенков: Сайлау жай ғана өткен жоқ, ол...

Александр Братенков: Сайлау жай ғана өткен жоқ, ол жаңа саяси мәдениетке негіз болды

Әлеумет 21.11.2022, 05:33 1,047
Александр Братенков: Сайлау жай ғана өткен жоқ, ол жаңа саяси мәдениетке негіз болды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Кейбір бақылаушылар арандатушылық жағдайларына бой алдыруға жол бермеді.


Алматы қаласы бойынша ҚР Президенті сайлауынан хабар тарату жөніндегі баспасөз орталығындағы брифингке Тәуелсіз бақылаушылар орталығының жетекшісі, Алматы қаласындағы партиялық емес бақылау орталығының өкілі Александр Братенков қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Александр Братенков анықталған бұзушылықтар жалған сипатта екенін айтты.



«Әртүрлі бақылаушылар болды, олардың пікірінше, әртүрлі бұзушылықтар анықталған. Оқудан өткен өзіміздің бақылаушыларымыз бұларды бұзушылықтар ретінде белгілемеген. Мысалы, бір ұйым байқаушылардың сайлау учаскесінің аумағында еркін жүруіне тыйым салынғанын анықтайды. Олардан сайлау барысын көруге мүмкіндік беретін орынға отыру ұсынылған. Бұл талап өте әділетті және «Сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес, ешкімнің, әсіресе, байқаушылардың дауыс беру рәсіміне араласуға құқығы жоқ деп есептеймін. Мұның бәрі заңды. Бір емес, 10-12 бақылаушы сайлау учаскесінің аумағында жүріп алса, жәшіктерге, кабиналарға, комиссия мүшелерінің үстеліне қайта-қайта бара берсе, осы жағдайды елестетіп көріңіздерші, онда бұл дауыс беруге кедергі жасайтындай бейберекет қозғалыс орнына айналады», - деді Александр Братенков.



Бақылаушының айтуынша, оның басқа қоғамдық ұйымдардан келген әріптестері адамдар кабинаға жұп боп кірген кезде шағымданған.



«Иә, сайлаушының сенім білдірген адамымен кабинаға кіруіне рұқсат. Оны бірден заң бұзушылық деп тануға болмас. Негізінде, заңның 42-бабында мүмкіндігі шектеулі адам өзі сенетін адамның көмегіне жүгіну құқығы бар екені көрсетілген. Осы айтылғандардың барлығы, соның ішінде біздің бақылаушыларымызға заң бұзушылық ретінде әрекет етпегені туралы айтылғандар да сынға төтеп бере алмайтыны белгілі болды», - деп жалғастырды Александр Братенков.



Братенков өз бақылаушыларын жағдайды тұрақтандырушылар деп атады, олар тіпті басқа бақылаушылардың арандатушылық жағдайларына бой алдыруға жол бермеді.



«Сайлау жай ғана өткізілген жоқ, ол жаңа саяси мәдениеттің, жаңа саяси көзқарастың қалыптасуына негіз болды», – дейді Александр Братенков.



Сөзінің соңында спикер сайлаудағы даулы сәттерге адамдардың сол немесе басқа факторларға қатысты әртүрлі көзқарастары себеп болғанын айтты.



«Бір бақылаушы фактіні заң, заңды негіздер бойынша бағаласа, екіншісі эмоционалды позиция тұрғысынан баға беруі мүмкін», - деп түйіндеді жергілікті бақылаушы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #сайлау #бақылау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.