AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Ағылшын тілін ең жақсы білетін елдер белгілі болды

Ағылшын тілін ең жақсы білетін елдер белгілі болды

Білім және ғылым 19.12.2023, 09:26 1,666
Ағылшын тілін ең жақсы білетін елдер белгілі болды
almaty-akshamy.kz

Ағылшын тілін меңгеру рейтингінде 2023 жылы Қазақстан 113 елдің арасында 104-орынға ие болды. ҚР көрсеткіші 415 балл. Осындай балл алған елдерде ағылшын тілін меңгеру өте төмен деп саналады. ТМД елдерінің ішінде Тәжікстанда ғана жағдай біздікінен нашар.


Ағылшын тілін ең жақсы білетін елдер Нидерланд, Сингапур және Аустрия, ал ең нашар Конго Демократиялық Республикасы.


Рейтингке қатысқан ТМД елдерінің арасынан Беларусь, Молдова, Ресей, Украина* және Армения ағылшын тілін орташа деңгейде меңгерсе, Әзірбайжан мен Қырғызстан төмен деңгейде, Өзбекстан мен Тәжікстан, сондай-ақ Қазақстан Республикасы, өте төмен дәрежеде.


Рейтинг мәліметіне сәйкес, Қазақстанның барлық өңірлері арасында ағылшын тілін ең жақсы меңгерген өңір Павлодар облысы: облыста 476 балл. Ең нашар көрсеткіш Түркістан облысында тіркелді: небәрі 335 балл. Еліміздің ірі қалалары арасынан Астана — 485, Ақтөбе — 450, Алматы — 438, Ақтау — 413, Тараз — 352, Шымкент — 347, Қарағанды ​​— 343, Қызылорда — 337 балл алды.



* Украина бірқатар себептерге байланысты ТМД-да даулы мәртебеге ие.


ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының (ҰСБ) мәліметінше, биыл қарашаның соңында Қазақстанда шет тілі курстары бір жылда 11,8% қымбаттады.


Өңірлер бойынша ең көп Жетісу өңірінде қымбаттады: бірден 60%. Одан кейін Алматы қаласы (25,9%), Қарағанды ​​(20,1%), Қостанай (17,4%) және Атырау (16,1%) облыстары.


Шет тілі курстары ең аз қымбаттаған өңір Қызылорда облысы: 1,6%. Үш өңірде — Астана, Шымкент және Алматы облысында баға өткен жылдың қараша айындағы деңгейде қалды.Биыл үшінші тоқсанда ҚР-да тіл курстарын қамтитын қосымша білім беру қызметі көлемі 10,3 млрд теңгені құрады, бұл былтырғыдан 5,2% көп.



Өңірлер бойынша мұндай қызмет ең көп саны Алматы қаласында көрсетілген: 3,4 млрд теңге, жылдық өсім 22,6%. Одан кейінгі орында Астана (3,4 млрд теңге, 20,2% азайған) және Атырау облысы (1,4 млрд теңге, 45,2% көбейген). Қосымша білім беру қызметі ең аз Жетісу облысында көрсетілді: 19,5 млн теңге — былтырғыдан 10% аз. Шығыс Қазақстан облысында бұл салада қызмет көрсетілмеген.


Саладағы жеке компаниялардың қызметі 6,1 млрд теңгені, мемлекеттік кәсіпорындардың қызметі 3,9 млрд теңгені, шетелдік компаниялардың қызметі 236,3 млн теңгені құрады. Шағын кәсіпорындар 7,9 млрд теңгенің, орта кәсіпкерлік 2 млрд теңгенің, ірі кәсіпорындар 353,9 млн теңгенің қызметтін көрсетті.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #білім #ағылшын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);