AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 2025 жыл қай хайуанаттың атымен аталуға тиіс?

2025 жыл қай хайуанаттың атымен аталуға тиіс?

Әлеумет 31.12.2024, 02:26 3,338 Сәрсенбек БЕКМҰРАТҰЛЫ
2025 жыл қай хайуанаттың атымен аталуға тиіс?
Суретті түсірген - Қ.Қоныспаев

VII және VIII ғасырлардан бері әр жылға телініп, қолданылып келе жатқан хайуанат аттары, әрине, бірқатар өзгерістерге түскені рас. Кейбір жыл атаулары көрші елдерден, туыс ұлттардан ауысып келуі де ғажап емес.

Қазіргі қолданыстағы: Тышқан, Сиыр, Барыс, Қоян, Ұлу, Жылан, Жылқы, Қой, Мешін, Тауық, Ит, Доңыз атауларының орналасу реті көңілге кірбің ұялатады.

«Жас кезімде мүшел мен жыл қайыру әңгіме болғанда ауыл қарттары "жыл бір адал, бір арам хайуаннан кезектесіп келіп отырады" деуші еді. Бірақ олай емес, қолданыста басқаша көрініс табуда. Адал мен адал, арам мен арам қатар келіп жатады. Сен осыны жазшы, көп жылдан бері қазақы пайым төңірегінде әңгіме қозғап, ұлттық құндылығымыздың қағыс қалмауына үлесіңді қосып жүрсің ғой», – деді қазақтың көрнекті ақыны, белгілі сыншы Аян Нысаналин бір жолыққанда арнайы әңгімеге тартып.

Аян ағаның сөзін тірілткім келіп отыр. «Бір адал, бір арам алмасып келіп отырады» деген сөзді марқұм анамнан мен де талай естіген едім. «Қазақ және тағы біраз халықтар жыл қайыруында жыл аттарының қалай құрылғаны туралы негізгі принципі бұзылып кеткен: екі адал – жылқы мен қой қатар тұрып алған...», – деп жазыпты Ғабит Мүсірепов. Академик жазушының ашына жазғаны аңғарылып-ақ тұр.

Әрине, біреуді кінәлаудан аулақпыз. Кешегі қызыл империя кезінде жыл реті түгілі, сөз ретін, ай атауын былай қойғанда, өз атымызды да ұмытқан кездер болды ғой.

Жылқы мен жыланның орнын ауыстырса болды, ары қарай бір адал, бір арам болып ретімен кете береді. Сонда жыл реті төмендегідей болып шығады:
Тышқан, Сиыр, Барыс, Қоян, Ұлыма (Ұлу), Жылқы, Жылан, Қой, Мешін, Тауық, Ит, Доңыз.

30 жылдан астам уақыттан бері тәуелсіз елміз. Қоғамымыз өзгеріп жатыр. Әділетті Қазақстан құру жолында құлшыныс үстіндеміз. Өзге өркениетті елдер сияқты өзімізге ғана тән ұлттық құндылықтарымызды құнттағанымыз, бабалар жолын ұмытпағанымыз жөн емес пе?

«Ештен кеш жақсы» дегендей, әлі де әрекет жасап, табандылық танытуымыз керек!..

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақ #Ырым #Дәстүр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы: «Халқымызда «Батыр елі үшін туады» деген сөз бар, елге қорған болу – ең абыройлы қызмет»

Бүгін 16:12

Президент: «Қазақстан – өткенге зор құрметпен, болашаққа үлкен үмітпен қарайтын бейбіт ел»

Бүгін 16:10

Президент: «Ерлік ешқашан ескірмейді»

Бүгін 16:09

Тоқаев еліміздің қорғаныс қабілетін арттыру шаралары қабылданып жатқанына назар аударды

Бүгін 16:05

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстанның айбынды армиясы батыр бабалардың даңқты жолын лайықты жалғастырып келеді»

Бүгін 15:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);